Пауло Коэлоның "Заһир" кітабынан түйінді ойлар

13 Сәуір, 2019 246

Turkistan.kz порталының оқырмандары үшін арнайы ерекше тағды иесі, осы замаңғы ең атақты жазушылардың бірі Пауло Коэлоның шығармасынан үзінділер ұсынып отырмыз. Бүгінде Пауло Коэлоның кітаптары әлемнің 155 елінде 56 тілде жарық көрген. «Заһир» Коэлоның өз сөзімен айтқанда «ең жеке кітабы».  Осы кітаптан беріп отырған кейбір түйінді ойлары бірімізді болмаса бірімізді жаңа ойларға жетелері хақ.


Әрбір сәтті ең соңғы сәт деп қабылдай білуді үйрену керек.


         Мен, қазір, бұрыңғы ойлағанымдай, біреулердей болсам деп армандап жүрген жоқпын, мен сонын өзімін.


         Көз көрмегенді, жүрек сезбейді.


         Жер бетіндегі өз уақытыңы құрметпен қара, Құдай сені ұдайы кешіріп келген, сен де кешір.


Біздің екі әлеміміз бар, біреуі – біздің қиялымызда, біреуі – нақты.


Тек өте кедейлер ғана ешуақытта өміріне риза түр білдірмейді.


Бір адамды өзгерту бүкіл адамзатты өзгерту деген сөз.


Біз әңгімелей бастағанда болған нәрселермен қоштаса бастаймыз, осылайша жаңа, әлі зерттелмеген әлемге кеңістік ашылады.


Біз бір нәрсені бақылаумен жүреміз, өзіміз де байқау астындамыз.


Менің ішімде құпия бау – бақша бар...


Менің айналамдағылардың барлығы әсем болған сайын өзімді нашарырақ сезінетін кездерім болады.


Соғыста адам жүйкесі шегіне жеткенше тартылып тұрады, өйткені ол келесі бір сәтте – ақ өліп кетуі де мүмкін, содан барып оның көзқарасы өзгереді. Содан ол ерлікке де, барынша қатігез болуға да қабілетті болады.


Дайындаған: Рысгүл Досжанова



Пікірлер(0)

Пікір қосу