АҚШ: Торнадо салдарынан 4 адам көз жұмды

15 Сәуір, 2019 318

Turkistan.kz ақпараттық порталы. АҚШ-тың Техас пен Миссисипи штаттарында ойран салған бірнеше торнадодан қаза тапқандардың саны төртке жетті. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Бұған дейін Франклин қаласында 2 баланың мерт болғаны туралы хабарланған болатын. Тағы онға жуық адам түрлі жарақат алған. 
Ал Альто қаласының 25 тұрғыны түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. 
Қатты желден электр желілері үзіліп қалған. Аймақта көлік қатынасы тежелді. 
Жол бойында тұрған көліктерге ағаштар құлап жатыр. 
Мамандардың сөзінше, торнадо Джорджия штатына дейін жеткен. 
Табиғат апатынан 6000-нан астам әуе рейсі кейінге шегерілді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу