Лаула, Лаула, Париждың Құдай Ана Соборы

16 Сәуір, 2019 381

Тurkistan.kz. Бүгін түнде Париж қаласында орналасқан Әйгілі Құдай Ана Соборы шіркеуі өртеніп кетті.

Аталған тарихи ғимарат ХІІ ғасырда тұрғызылған және құрылыс материалдарының біраз бөлігі ағаштан жасалынған еді. Виктор Гюгоның 1831 жылы жарық көрген "Париждегі Құдай Ана Соборы" романы арқылы аты шығып, туристердің басты тамашалайтын нысандарының біріне айналған болатын.

«Нотр-Дам-де-Пари өртеніп жатыр. Ұлтымыз есеңгіреп қалды. Барлық католиктер мен француздар үшін қам жеймін. Отандастарым сияқты мен де осынау біздің бір бөлшегіміз өртеніп жатқанына қайғырамын», - деп жазды Эммануэль Макрон. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу