ТҮРКІСТАН АРУЫ: "Тәж - менікі. Мен оған лайықпын..."

17 Сәуір, 2019 204


«Түркістан аруы – 2019» байқауының жеңімпазы Сәдуақасова Ақниет Кентау қаласының тумасы. Жасы 18 де. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің «бастауышта оқыту мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті. Жеңімпаз болған аруымызбен сұқбаттасып көріп ек, осыған дейін де талай байқаудың жеңімпазы болған екен. Ақниет өз сөзінде: «Мен осыған дейін талай байқауларға қатысып топ жарып жүрдім. Осы байқаудың болатынын ести сала кастингке келдім. Кастингте 90 қыздың ішінен 30 қызды іріктеп алды. Әрбір қыз өзіне сенімді, дайындықтары да керемет екендігі көрініп – ақ тұрды. Бірақ , байқаудың кастингісіне келерде ішімнен «Тәж менікі. Мен оған лайықпын» дедім. Кейін , 15 қызды тағы іріктеп алды. Одан сайын өзіме деген сенімділігім арта түсті», - деген еді. Біз осы бір сөздеріне қарап, әсілі, қазақ қызының бойында осындай қайсарлық болу керек шығар деп ойладық. Өз ішіңізде күмән немесе сахнада «әттеген – ай» деген тұстарыңыз болды ма деп едік: «Иә, рас, болды. Алғашқы кезең бастау алып, билеп жүрген кезде шатасып, қобалжи бастадым. Бірақ, тура алдыңғы қатарға қарасам анам отыр екен. Анама қарадым да, барлық қобалжу мен қорқу сезімдерімді ұмыттым» , - дейді. Әрбір жетістікке жеткен адамның артында анасы тұратынына тағы бір мәрте көзіміз жетті.

Ақниет өзінің алдағы жоспарларымен де бөлісіп, жақын арада Халықаралық сұлулар байқауына қатысуы мүмкін екенін жеткізді. Қырмызы қызымыздың алдағы күндеріне тек сәттілік және жеңіс тілейміз!


Сұқбаттасқан: Рысгүл Досжанова


Пікірлер(0)

Пікір қосу