ТҮРКІСТАН: Облыстық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

19 Сәуір, 2019 664

Түркістан қаласында сәуір айының 17 жұлдызында облыстық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті.


Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 18 бен 29 жас аралағындағы 16 үміткер қатысты.  Түркістан қаласынан Досжанова Рысгүл, Кентау қаласынан Юсупова Айгерим, Ордабасы ауданынан Ахтай Әсем, Отырар ауданы Қалдыбекова Альбина, Төле би ауданынан Бекеева Балнұр , Арыс қаласы  Тойлыбаева Жайна, Сарыағаш ауданынан Пайыл Динара, Сайрам ауданынан Сарыбек Рамазан, Түлкібас ауданынан Задабек Аружан, Шардара ауданынан Әуезхан Бахтияр, Бәйдібек ауданы Калдыбекова Мөлдір, Созақ ауданынан Аширметова Рухсара, Мақтарал ауданынан Айдарханов Тыныштық , Жетісай ауданынан Исмаилов Рашид, Келес ауданынан Мамыр Бекзат келіп, өнер көрсетті.


 Байқау екі кезеңнен тұрды:

1) Абайдың қара өлеңін оқу;

2) Абай поэзиясынан үзінді оқу.


Өнерпаздарға Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры  Ергөбек Сапарбек Сәрсенұлы, абайтанушы, доцент Көшенова Тоты Иманқызы, сондай - ақ, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды театрынын актері Садықбеков Қанат Малдибекович қазылық етті.


«Сен тұр, мен атайын» дейтін кілең жүйріктер арасынан жеңімпазды таңдау да қиынға түсті. Әр қатысушы өзінің ерекшелігімен дараланып, көрермен қошеметіне бөленді. Абай поэмаларын жарыса оқып, сахналық келбеттері бөлек болған, мәнерлеп оқуларын салыстыра келе қазылар алқасы бас жүлдеге Сайрам ауданынан  келген Сарыбек Рамазанды лайық деп тапты. Ал жүлделі бірінші орынға Пайыл Динара ие болды. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.


Дайындаған: Рысгүл Досжанова

Пікірлер(0)

Пікір қосу