"Ақсу - Жабағылының алауы, Шұбайқызылдың - жалауы!" қызғалдақтар фестивалі

19 Сәуір, 2019 506

«Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орын тепкен түлкібас ауданының орталығында орналасқан Шұбайқызыл шоқысында жылдағы дәстүрге сай «Ақсу Жабағылының алауы, Шұбайқызылдың – жалауы!» атты қызғалдақтар фестивалі өтті», - деп хабарлайды Turkistan.kz ақпараттық –танымдық порталы.

«Ұлы дала ұраны – Қызғалдақ фестивалі» табиғатты қорғаушылар шеруімен басталған облыстық мәдениет мекемелерінің ұлттық және үрмелі аспаптар оркестрлерінің сүйемелдеуінде хор ұжымдары Н.Тілендиевтің «Туған ел» әнін орындап, келген қонақтарға әдемі көңіл күй сыйлап күтіп алды.

Қызғалдақ фестивалінің салтанатты ашылуы театрландырылған қойылыммен басталып, қызғалдақ туралы елімізге белгілі ғалымдар мен дінтанушылардың баяндамаларымен жалғасты. Сонымен қатар, «Шырайлым, Шұбайқызылым» облыстық жас қаламгерлер мен «Қызғалдақты Түлкібас» композиторлар байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпадарды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы құттықтады.

Жас қаламгерлер байқауы бойынша:

ІІІ орын: Кәдірбай Ғылымнұр (Қытай Халық Республикасы)

ІІ орын: Арқалық Әмалиятұлы (Түркістан қаласы)

І орын: Төлеутай Еламан (Қарағанды қаласы)

Бас жүлде: Мергенбай Сезім (Түлкібас ауданы)


Композиторлар байқауы бойынша:

ІІІ орын: Баишов Абдымалик (Төле би ауданы)

ІІ орын: Алибеков Шерхон (Кентау қаласы)

І орын: Пернеев Абилкасым (Сайрам ауданы)

Бас жүлде: Рысты Шымырбаева (Түлкібас ауданы)


Барлық марапат алған жеңімпаздарды құттықтай отырып, қаламдарыңыз қарыштап, шабыттарыңыз шарықтай берсін дегіміз келеді. Дәстүрге айналған қызғалдақтар фестивалінің де жыл сайын ауқымы кеңейіп, келушілер қатары көп болсын! Осынау сұлулықтың отаны болған Түлкібас ауданының көркейіп, қызғалдақтарымыздың жайқалып өсуіне бірге ат салысайық!


Дайындаған: Досжанова Рысгүл

Пікірлер(0)

Пікір қосу