Түркия үкіметі Франция президентін айыптады

20 Сәуір, 2019 236

Тurkistan.kz ақапарат порталы. Франция Президенті Эммануэль Макрон Түркияда террористік ұйым ретінде тыйым салынған ПКК-ның Сириядағы ізбасары болып табылатын Сирия Демакратиялық күштері делегациясын қабылдады.

Осыған байланысты Түркия Сыртқы Істер министрлігі Париждің іс-әрекетін қатал сынға алып, Президент Макронды айыптады.

"Террористік ұйымның заңды жұмыс істеуіне еркіндік беруге талпынған Францияның бұл әрекеті одақтастық қарым-қатынасқа үйлеспейтін жат әрекет", - делінген СІМ-нің хабарламасында.

Сондай-ақ, Анкара Сирия мемлекетінің саяси береке-бірлігін және територия тұтастығын сақтап қалуға әрі Түркияның ұлттық қауіпсіздігін нығайту мақсатында кез келген оң деп бағаланған шараларды қолдануға дайын екендіктерін жеткізді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу