Жоғары білімі жоқ кәсіпкерлер

22 Сәуір, 2019 290

«Дипломым жоқ болса, жұмыссыз қаламын» бұл сөз қазіргі заманда адамдардың санасында қалыптасып қалған қағидалардың бірі. Алайда, табысты кәсіп ашу үшін жоғары білімнің болуы шарт емес. Барлығы адамның ақыл-ойына байланысты. Егер де сіз жалқаулыққа салынбай, аянбай еңбек етсеңіз жетістікке міндетті түрде жетесіз. Бұл сөзбен мына даңқты кәсіпкерлер де келіседі.


1. Питер Тиль: «Жоғары білім – құнсыз нәрсе»

АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің бакалавры, PayPal төлем жүйесінің негізін қалаушы Питер Тильдің қазіргі активі 2,5 миллиард доллардан асады. Оның айтуынша, өмірде университет дипломынсыз-ақ үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Соны дәлелдей түсу үшін Питер арнайы «Thiel Fellowship» жобасын ашты. Фонд жыл сайын оқуды тастап өз бастамасын жүзеге асырғысы келетін бірнеше студентке 100 мың доллар көлемінде грант береді. Сондай-ақ, екі жыл бойы студенттердің бизнесіне түрлі көмек көрсетіледі.

«Беделді оқу орнына ақша мен уақыт құртқанша, тұлға болып дамып, іске көшкен жөн. Көпшілік оқу ақысына деп алған несиесін диплом алған соң да біраз уақыт өтеп жүреді».



2. Ричард Бренсон: «Мені диплом алу үшін сонша көп уақыт кететіні мезі қылады»

Белгілі кәсіпкер, «Virgin Group» атты үлкен корпорацияның иесі Ричард Бренсонның мектептегі бағалары нашар болды және де дислексия кесірінен оған оқу қиынға соқты. Осылайша 16 жасында мектепті тастап кеткен. Бірақ бұл жайт оған Ұлыбританияның ең дәулетті адамы болуға еш кедергісін келтірмеді.

Бренсон «Virgin стиліндегі бизнес» атты кітабында университеттегі оқу уақытын кемі бір жылға азайту керек деп жазады. Автордың ойынша, бұл жастарға тезірек жұмыс бастап, практикалық дағдыларды игере бастауына ықпал етеді.

«Прагматик адам ретінде 4 жылға бөлінген 100 аптаның орнына 80 апта оқыса да жеткілікті деп ойлаймын».



3. Джон Рокфеллер: «Диплом – өте жымысқы дүние»

Әлемдегі ең алғашқы долларлық миллиардер алғашында АҚШ-тағы Кливленд университетінде есепші мамандығына түскен. Кейіннен Рокфеллер бұл мамандықты меңгеру үшін үш айлық курс та жеткілікті екенін түсініп, оқудан шығып кетеді. Себебі ол жоғары білімді жетістіктің кілті деп есептемеген.

Кейін есепшінің көмекшісі болып жұмыс істеп, жинаған ақшасын болашақ бизнесін ашуға жұмсайды.

«Диплом сенде ешқандай проблема жоқ деген алдамшы сезім сыйлайды. Ол түлекке жоғары білімі жоқтардан әлдеқайда жоғары тұрсың дегендей иллюзия береді. Алғашқыда ертеңнен бастап тасың өрге домалап, кез келген мәселеге дайын болатындай оптимист боласың, бірақ оның барлығы иллюзия».



4. Стив Джобс: «Мен бұл өмірде немен айналысқым келетінін білмедім, оны біліп, түсіну үшін колледж ешқандай пайдасын тигізген жоқ»

Apple компаниясын негізін қалаған Стив Джобс отбасында асыранды бала болған. Асырап алу шарты бойынша Джобс жоғары білім алуы тиіс еді. Сондықтан мектептен кейін жекеменшік Reed College гуманитарлық оқу орнына түседі. Бірақ жарты жылдан кейін оқуды тастап кеткен.

Стив 2005 жылы Стэнфорд университетінің түлектеріне айтқан сөзінде бұл шешімін екі нәрсе түрткі болғанын айтады. Біріншіден, оқу ақысы тым көп болған. Екіншіден, алты айдан кейін ол жоғары білімнің еш мәні жоқ деген шешімге келеді.

 «Ол кезде оқудан еріксіз шыққандай едім, ал қазір артыма қарасам бұл өмірімдегі ең дұрыс шешімдердің бірі болғанын түйсінемін. Сөйтіп мені оқудан шығарды. Бұл енді міндетті курстарға бара берудің қажетсіз екенін, тек қызықты деп тапқан курстарға ғана баруға болады дегенді білдіретін.   Reed college каллиграфия саласында мемлекет бойынша ең жақсы білім беретін. Студенттік қалашықтағы кез келген шкафтағы, кез келген орындағы кез келген плакат, кез келген жазба каллиграфия өнерінің барлық заңдары бойынша шебер қолдан шығатын. Оқудан шығарылғанмын, сондықтан әдеттегі сабақтардың бәріне бара беру міндетті емес болатын, мен каллиграфияны зерттеуге бекідім. Қаріптер гарнитурасы туралы көп нәрсе үйрендім. Әріптердің әртүрлі оқылуы, аралығындағы өрнектеулер секілді типаграфиканы көркем ететін нәрселердің бәрін білдім. Осы жұмыстарда әлдебір сұлулық, тарих, өнер нәзіктігі, ғылым жетпес бір нәрселер болды... осылар мені арбай түсті. Ол кезде маған осылардың өмірде пайдалануға ешқандай мүмкіндік жоқтай көрінетін. Арада 10 жыл өткенде, біз бірінші Макинтошты өндірген кезде менің каллиграфия туралы барлық білмім қайта оралды, керегіме жарады. Макинтош әдемі әріптері бар алғашқы компютер болды. Егер колледж кезінде осы сабаққа бармаған болсам, Макинтош та әртүрлі гарнитураларды, әріптерді қолдану мүмкіндігі бар үйлесімді компьютер болмас еді…»




Пікірлер(0)

Пікір қосу