САЙЛАУ-2019: Алғашқы кандидаттың аты-жөні белгілі болды

23 Сәуір, 2019 258

Тurkistan.kz ақпарат порталы. 22 сәуір күні ОСК-на Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде алғашқы кандидат өз құжаттарын тапсырды. Сәдібек Түгел "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға түспек.

Сәдібек Түгел - Қазақстанның Жазушылар Одағы, Журналистер Одағының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Қазақстанның мәдениет қайраткері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Ол Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес, қажетті 7 құжаттың бәрін тапсырған. Атап айтқанда:

1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының үзіндісі;
2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;
3. Өмірбаяндық мәліметтері;
4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;
5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері;
7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.



Пікірлер(0)

Пікір қосу