НАЗАРБАЕВ: Маған президенттік сайлауға қайтадан түсуге ұсыныс жасалып жатыр

23 Сәуір, 2019 170

Тurkistan.kz ақпарат порталы. Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде ҚР-ның Тұңғыш Президенті және партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, Қазақстан халқына алғысын білдірді.

Ол өзінің өкілеттігінің тоқтатқанын дұрыс шешім екенін және елімізге жаңа таңдау жасау міндеті жүктелгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ партия атынан алдағы сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
«Менің президенттік өкілеттілігімді тоқтатуға қатысты үндеуім қазақстандықтар үшін күтпеген шешім болды. Кейбір адамдар бұл мәлімдемемді өкінішпен қарсы алды. Тіпті, маған түскен хаттардың ішінде президенттік сайлауға қайтадан түсуге ұсыныс жасап жатыр. Мен барлығына алғыс айтамын. Осы қобалжудың саяси астарын да түсініп отырмын. Адамдар болашақ үшін алаңдайды. Тұрақтылық пен тыныштықты қалайды. Ұлтаралық келісімнің сақталғанын тілейді. Халыққа ізгі ниеті үшін, махаббаты үшін, құрметі үшін басымды иіп, зор ризашылығымды білдіремін», - деді елбасы.



Пікірлер(0)

Пікір қосу