НАЗАРБАЕВ: Мен осы шешімге бірнеше жыл дайындалдым

23 Сәуір, 2019 306

Тurkistan.kz ақпарат порталы. 2019 жылы 19 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілеттігін тоқтатанын мәлімдеген болатын.

Бүгінгі өткен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде ол бұл шешімге қалай келгенін айтып берді.

«Мен саналы шешім жасадым. Ондай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Мен осы шешімге бірнеше жыл дайындалдым. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Серіктестерімнің кадрларына зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіреуіне сенім арттым. Сөйтіп, осындай шешімге келдім. Осы шешім дұрыс деп білемін. Қасым-Жомарт Тоқаевты президент ретінде сайлайық та, оған қолдау көрсетейік. Мен осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен - бақытты адаммын, бақытты саясаткермін», - деді Н.Назарбаев.

Пікірлер(0)

Пікір қосу