Тараз қаласына әкім тағайындалды

24 Сәуір, 2019 112

Turkistan.kz ақпарат порталы. Тараз қаласының әкімі болып Қайрат Әскербекұлы Досаев тағайындалды. Oсыған дейін бұл қызметте болған Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған қаласының әкімі қызметіне ауысқан болатын


Қайрат Әскербекұлы Досаев 1965 жылы туылған, білімі жоғары. 1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері болып бастаған. 1994-1996 жылдары «Алтын диірмен» АҚ-ның инженері, «Дешт» ЖШС-нің директоры, 1996-1998 жылдары Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, басшының орынбасары болған.

1998-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының басшысы, Тарифтер жөніндегі басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2007-2011 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары  «Қазспортинвест» АҚ-ның вице-президенті қызметін атқарған. 2014-2017 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімі болған. 2017 жылдың наурыз айынан бастап Шу ауданы әкімінің қызметінде болды.


Пікірлер(0)

Пікір қосу