УЕФА: "Қайрат" "Барса" үшін алынбас қамал

27 Сәуір, 2019 193

Turkistan.kz ақпараттық порталы.  Бүгін Алматы қаласындағы «Алматы-Арена» көпфункциялы спорт кешенінде УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы аясында кіші футболдан "Қайрат" пен "Барса" арасындағы кездесу өтті.

Кездесу нәтижесінде 2-5 есебімен Алматылық "Қайрат"  командасы Испаниялық "Барселонаны" ойсырата жеңді.

Алғаш рет қос команда 2012-2013 жылы маусым айында кездескен болатын. Жартылай финал 5:4 болып аяқталса, араға екі жыл салып орын алған финалдық матчта "Қайрат" 4:2 есебін тіркеп, той тойлаған еді. Ал бүгінгі ойында испандықтар жерлестеріміздің мықтылығын үшінші мәрте мойындады.

Айта кетерлік жайт, "Барселона" - "Қайрат" арасындағы ойынды тамашалауға "Алматы Аренаға" 12090 жанкүйер жиналыпты. Футзал тарихында бірде-бір матчта осыншама адам стадионға жиналмаған екен.

Пікірлер(0)

Пікір қосу