Түркістан қаласының болашағы үшін 52 нысан сүрілді

01 Наурыз, 2019 395

Түркістан қаласы обылыс орталығына айналғалы бері инфрақұрылымдарға баса мән беріп, жаңа жоспарлар түзіп қойған еді. Осыған байланысты көптеген нысандар сүріліп, оған халықтың наразылығы да үдей түскен болатын. Қала әкімінің баспасөз қызметі осы кезге дейін 105 меншік иесі келісіп, 52 нысанның бұзылғанын  хабарлап отыр.

Түркістан қаласы облыстың орталығы болуына орай қала аумағындағы жаңа жоспар бойынша көптеген нысандардың құрылысы жүргізіледі. Осыған орай, 98 гектар жерді құрайтын екінші аймақ аталатын «Рухани-мәдени орталық» аймағына қажетті жерді дайындау мақсатында қала әкімінің қаулысымен мемлекеттің қажеттілігі үшін 168 нысан мен жер телімін (14 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Осы 168 нысанның бағалау жұмыстары 2 025 545 172 теңгені құраған. Бағалау жұмыстарын мемлекеттік бағалау стандарттарына және «Мемлекеттік мүлік» және «Бағалау қызметі» заңдарына сәйкес «Экспо Оценка» ЖШС жүргізді.
Жалпы жер қайтару жұмыстары «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы мен ҚР «Жер кодексіне» сәйкес жүргізілуде.
Қазіргі таңда бұзылуға тиіс 168 нысанның 105меншік иесі келісім берді. 
Оның ішінде 75 меншік иесіне бүгінде 982 млн 074 мың теңге өтемақы төленді. 52 нысанға бұзу жұмыстары жүргізілді. 17 меншік иесімен келіссөздер жүргізілуде.
Бұзу жұмыстарына әкімдік тарапынан көмек тобы құрылып, арнайы техникалар мен жұмысшы тобы құрылыс материалдарын тұрғындардың қалаған мекен-жайларға жеткізіп беруде. 

Осы аталған 98 гектар жердегі «Рухани-мәдени орталық» аймағынан бой көтеретін нысандар: «Ұлы дала елі» кешені, «Қожа Ахмет Ясауи мұражайы», «Амфитеатр», «Шығыс моншасы», «Әуенді су бұрқақ», «Қабылдау Орталығы» мен «Түркі халықтарының ғылыми кітапханасы».



Пікірлер(0)

Пікір қосу