Комплекстен қалай арылуға болады?

28 Сәуір, 2019 169

Американың әйгілі ән шолпаны, Кастилийдің дауысы тума әдемі, ән салғанда бұлбұлша тамылжытатын, бірақ оның әлпеті ақсиған тістері төтенше сиықсыз еді. Сондықтан, ән жарыстарына қатынасқанда тек өзіндегі кемістікті жасыру үшін аузын еркін ашып шырқай алмай, ылғи сәтсіздікке ұшырап отырады.

Тіпті үмітсізденіп торығады. Бір жолы бағалаушы оған: «сенде керемет әншілік тума талант бар. Сен сөзсіз жеңіске жетесің. Бірақ ән салғанда, әсте ақсиған тісіңді еске алушы болма» – деп ескерту береді. Әлгі бағалаушының бір ауыз ақылымен ол ақсиған тісінің үрейінен арылып, бүкіл мемлекеттік ән байқауында бас жүлдені жеңіп алған екен.

Түйін: Адамның түрінің сиықсыз болуы – белгілі кемістік. Бірақ ақыл-ойыңызды тек сол кемістікке ғана шоғырландырсаңыз, ол – үлкен бақытсыздыққа айланып, түнек болып төнеді. Тағдыр сізге бір есігін бекіткен тұста, тағы бір есігін айқара ашады. Осыны ұмытпаңыз!

Өмірге, айналамызға күле қарайық. Сол күлкінің құдіреті қара түнді жарық сәулеге бөлейді, үміт сізді шыңға жетелесе, үмітсіздік шыңырауға жетелейді.

Дайындаған: Рысгүл Досжанова

Пікірлер(0)

Пікір қосу