Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды

01 Наурыз, 2019 249

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жансейіт Түймебаевты жаңа қызметке тағайындады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Енді Жансейіт Қансейітұлы - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінде. 


Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Жансейіт Түймебаев Түркістан облысы әкімі қызметінен алынып, орынына Өмірзақ Шөкеев тағайындалған болатын.

Пікірлер(0)

Пікір қосу