ҰЛТЫҢ ҮШІН ӨМІР СҮРМЕСЕҢ, ОЛ ӨМІРДІ СҮРІП ҚАЖЕТІ ЖОҚ!

02 Мамыр, 2019 527

- Армысыз, аға! Түркістанға қош келдіңіз! «Балуан Шолақ» кино картинасының премьерасы өте жоғары деңгейде өтті. Көрген көзге жас, бойымызға рух берген кино болды. Осындай сәтті шыққан кино туындыңызбен құттықтаймын! Енді осы киноның мақсаты, туындауы, жазылу тарихын айтып берсеңіз.

- Режиссердің мұндағы мақсаты Балуан Шолақтың көзсіз ерлікке барғанын жеткізу. Негізі керек болар болса, сериал түсіру керек еді. Егер де, өмірбаянын керек етер болсақ. Біз осы киноны  көріп отырып тарихи дерек, фактілерді іздеуді ұмытып кеттік. Өйткені біздің ойымызды, санамызды басқа жаққа бұрды.

- Расымен фильм өте шытырман, бас алмай қарайтындай керемет. Ал осы фильмге енбеген, «әттеген – ай» дейтін тұстар бар ма?

- Ой бар, осы мына Балқаш, Ғалиялардың айтар, көрсетер тұстары бар еді. Керек болса, түсірілген. Қысқартуға тура келді ғой... Министрге де айтқам, осы шет елдің киносын 3 сағат бойы тапжылмай отырып көреміз, ал сендер бізді уақыттан шектей бересіңдер. Құрығанда, 12 минуттай қосыңдаршы дедім, болмады.

- Переселендер жайлы осы уақытқа дейін кино көп көрмедік. Тақырып ауқымды ашылған. Саясаттың да шеті байқалды...

- Ол кездегі қазақтың жағдайы бұдан да қиын, пушкімен келіп, қит еткенін атып салатын кез болған. Орыстардың саясатын сендер білесіңдер ме, білмейсіңдер ме, олардың мақсаты қазақтың жерінен қазақты тазарту болды. Міне, осы кездегі Балуан Шолақтардың, Жұмабек Тәшенов сияқты қадау – қадау азаматтырдың шығып, олардың артынан халық та еріп отырып, орыстардың бетін қайтарып отырды.

- Сол азаматтардың арқасында Орыс саясаты сәл де болсын өзгеріп, беттері қайтты дегіңіз келе ме?

- Жоқ, олардың беті сонда да қайтпады, тіпті қайтпай отыр. Сондықтан, бізге осындай кино керек болды. Ресейдің саясатын көріп отырсыңдар... мысалы, қараңдаршы  ақ 2 – ақ миллион халқы бар Латвия бүкіл орысша телеарна, мектептердің бәрін жауып тастады. Екі – ақ миллион! 1 млн 800 мың халқы бар Эстония орыс тілдің барлық қолдану аясына тыйым салды. Ал, біз 16 миллионнан астам халқы бар Қазақстан әлі күнге дейін ештеңе істей алмай отыр. Өйткені бізде Балуан Шолақтар аз. Біз осы 30 жылда тек ұрандатып қана жүрміз. Осыны ойлану керек...

- Осы айтқандарыңызды іске асыра алар болса , ол  - жастар. Сол жастарға не айтасыз?

- Мен мынаны көп ойлаймын... бізде шетелде, «Болашақ» бағдарламасымен Тәуелсіздік алғаннан бері 800 мың қазақтың жастары, өздерің сияқты, Қазақстаннан көшіп кетті. Европаға, Америкаға... Ал, 1 жарым миллиард Қытайдан 600 мың – ақ кетті. Есептеп, қараңдаршы ал...?! Неге кетіп жатыр бізден? Болашағымыз қалай болады? Оқыған жастар кетіп жатса?! Сондықтан, айналайындар, осы ой іштеріңде жүрсін. Сендер бізге керексіңдер! Ұлтың үшін өмір сүрмесең, ол өмірді сүріп қажеті жоқ. Біздің Балуан Шолақ бұрын болған, ал қазір керегірек.

- Сұқбаттасқаныңызға көп рақмет! Шығармашылық табыстар тілейміз!

Сұқбаттасқан: Рысгүл Досжанова

Пікірлер(0)

Пікір қосу