Биыл Рамазан айы 6 мамырда басталады

03 Мамыр, 2019 492

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді, деп хабарлайды  Turkistan.kz  


«6 мамыр - Рамазан айының бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым  Ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», - деп жазды Ағабек Қоңарбайұлы өзінің Фейсбук парақшасында. 


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі саналатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты. ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының шариғат жəне пəтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр Рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарды


Пікірлер(0)

Пікір қосу