Сейдахмет ресми түрде таныстырылды

01 Наурыз, 2019 199

Болгариялық "Левски" футбол клубы 19 жасар Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметті ресми таныстырды деп хабарлайды sports.kz порталы

Сайттың хабарлауынша болгарлық ұжым Сейдахметті маусым соңына дейін жалға алған көрінеді. Оған қоса "Левскидің" бапкерлері жас шабуылшының потенциалына үлкен сенім артуда.

"Тараз" ФК-ның түлегі мұнан алдын ресейлік "Уфада" өнер көрсеткен болатын. Дегенмен, "Уфа" сапында тек 4 ойында ғана алаңға шығады. Немістің Transfermarkt.de сайтының мәлімдеуінше қазіргі таңда Еркебұлан Сейдахмет 300 мың евроға бағаланып отыр.

Пікірлер(0)

Пікір қосу