САЙЛАУ 2019: Тоқаев 313 мыңнан астам адамның қолын жинады

03 Мамыр, 2019 346

Turkistan.kz ақпарат порталы. "Nur Otan" партиясының атынан Президент сайлауына үміткер ретінде тіркелген қазіргі Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 313 мыңнан астам азаматтың қолын жинады.

Осыған байланысты ОСК-ның отырысы өтіп, Тоқаевты ресми түрде кандидат ретінде тіркеді және куәлік табыс етілді.

«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы жобасы дайындалды. Қаулы жобасында келесі мәселелер қарастырылған: Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркелсін. Президентке кандидат Қ.К.Тоқаевқа тиісті куәлік берілсін. Қ.К.Тоқаев арнаулы уақытша шотты ашу үшін «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-на президенттікке кандидат болып тіркелгені туралы мәліметтер ұсынылсын. БАҚ-та Қ.К.Тоқаевтың ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркелгені туралы хабар жариялансын», - деді С.Мұстафина. 


Пікірлер(0)

Пікір қосу