Головкин жаңа жаттықтырушысын таныстырды
05 Мамыр, 2019 513

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Бұрынғы америкалық боксшы Джонатан Бэнкс отандасымыздың жаңа жаттықтырушысы болып тағайындалды.
36 жастағы Бэнкс Головкиннен 3 айға кіші. Бұрын ол боксшы болған және IBO тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы болған.
Владимир Кличкомен жұмыс істеу арқылы Бэнкс жаттықтырушы ретінде танылды. Сонымен қатар ол, атақты Эмануэл Стюардқа ассистент ретінде көмектескен, ол көз жұмған соң украиндық боксшының жаттықтырушысы болды, оның үстіне өзі де рингте жұдырықтасып жүрді. Бэнкстың жетекшілігімен Кличко алты жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған.
Еске салсақ, Головкин сәуірдің 24 күні бұрынғы жаттықтырушысы қош айтысқан еді. Олар 2010 жылдан бері бірге жұмыс істеген. Абель Санчестің баптауымен Головкин соңғы жекпе-жегінде Сауль Альварестен ұтылып қалған.
Ғалымжан БӘЙІМБЕТ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
2019-06-19 18:23
Жұмыс уақытын 08:00 - 16:00 деп өзгертуді ұсынды
2019-03-06 10:26
Маңғыстаудағы Амал мерекесін енді әлем біледі
2019-03-10 12:49
16 жастағы қазақ зілтемір көтеруден әлем чемпионы атанды
2019-05-08 01:41
Еділбек ДҮЙСЕН. Қаламгер және суицид (жалғасы)
2019-03-30 23:46
Шет елде білім алу сәнге айналды ма?
Пікірлер(0)
Пікір қосу