САЙЛАУ 2019: Төлеутай Рақымбеков 120 мыңнан астам қол жинады

06 Мамыр, 2019 388

Turkistan.kz ақпарат порталы. Бүгін ОСК "Ауыл" партиясы атынан ұсынылған Рақымбеков Төлеутай Сатайұлын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Тиісті қаулы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы отырысында қабылданды. Онда Төлеутай Сатайұлының барлық қажетті құжаттарды тапсырғаны аталып өтілді. Президенттікке кандидат Рақымбеков Төлеутай Сатайұлын қолдап Қазақстанның барлық өңірінен 122 309 қол жиналған. Оның 1655-і есепке алынбай, 120 754-і саналды.

Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Рақымбеков Төлеутай Сатайұлына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат куәлігі берілді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу