САЙЛАУ 2019: Жамбыл Ахметбеков қажетті қолды жинады

06 Мамыр, 2019 151

Turkistan.kz ақпарат порталы. Бүгін ОСК Қазақстан коммунистік халық партиясының үміткері Жамбыл Ахметбековты кандидат ретінде тіркеді.

Ахметбеков 135 мыңнан астам қол жинаған. Естеріңізге сала кетейік, үміткер үшін 118 140 қол жинаса жеткілікті. Бұл еліміздегі халық санының 1%-ына тең. Кандидат "бұл жолғы сайлауда жеңетініме сенемін, тәжірибем бар" деді.

Ол бұған дейін 2011 жылы өткен президент сайлауына қатысып, 1,36% дауыс жинаған болатын.

Пікірлер(0)

Пікір қосу