САЙЛАУ 2019: Амангелді Таспихов Президенттікке үміткер ретінде тіркелді

06 Мамыр, 2019 189

Turkistan.kz порталы. ОСК-ның 4 мамырда өткен отырысында Амангелді Таспиховты 9 маусымда өтетін ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Кандидат еліміздің 15 өңірінен 122 770 қол жинаған. Тексеру нәтижесінде 119 577 адамның қолын жарамды деп тапты. "Қазақстан кәсіподақтар федерациясы" атынан ұсынылған үміткерге ОСК-ның төрағасы Берік Имашев тиісті куәлікті табыс етті.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін;

2. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын", – делінген хабарламада.;

Пікірлер(0)

Пікір қосу