ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – ҰЛЫ МҰРА» АТТЫ КӨРМЕ ӨТТІ

02 Наурыз, 2019 350

1-наурыз күні Түркістан қаласында "Ұлттық қолөнер - Ұлы мұра" атты көрме өтті. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланыың жеті қыры" бағдарламасының аясында өткен шараға обылыстың түкпір-түкпірінен ағаштан түйін түйген шеберлер мен темірден таспа тілген ұсталар қатысты. Сондай-ақ шараның мақсаты обылыс көлемінде туризм дамытумен қатар, бабадан қалған асыл мұраны кеңінен насихаттау еді.

«1 Наурыз алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы күнімен бірге келген шуақты мереке бір-бірімізге деген сыйластықты арттырып, бірлігімізді бекемдей түседі. Қазақ халқының мейірбандығын көрсететін мейрам құтты болсын! Түркістан қаласы көне замандардан бері кәсіпкерлік пен қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі іс-шара арқылы өңіріміздегі үздік қолөнер шеберлерін анықтап, оларға қолдау көрсетуді көздеп отырмыз. Екіншіден, Түркістан облысы үшін туризм саласының орны ерекше. Ал туризм дамуы үшін қолөнеріміз де дамуы тиіс. Сондықтан шеберлерге жағдай жасалып, шағын кәсіпорындар ашылуы қажет», – деді  облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Пікірлер(0)

Пікір қосу