САЙЛАУ 2019: Әміржан Қосановты ОСК Президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

06 Мамыр, 2019 94

Turkistan.kz ақпарат порталы. Бүгін ОСК "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан үміткер ретінде түскен Әміржан Қосановты кандидат ретінде тіркеді.

Кандидат еліміздің әр өңірлерінен 131 189 қол жинады және оның 129 582-і жарамды болып табылды. Естеріңізге сала кетейік, кандидат үшін міндетті 118 140 азаматтың қолы қажет. Бұл еліміздегі халық санының 1%-ы шақ келеді.

Қосанов уақытша Президент Тоқаевтың сайлау әділ өтеді деген сөзіне сенетіндігін әрі бұл өзіне берілген аванс екендігін тілге тиек ете кетті.

Ғалымжан БӘЙІМБЕТ

Пікірлер(0)

Пікір қосу