Геннадий Головкиннің жаңа бапкері туралы қызықты деректер

08 Мамыр, 2019 89

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Геннадий Головкиннің жаңа бапкері америкалық Джонатон Бэнкс туралы қызықты деректер.

1. Джонатон дүниеге келген кезде атасы оны ұлы боксшы болады деп болжаған. Бокстағы карьерасына дейін Бэнксс фортепианода ойнаған. Бірақ бәрібір рингке шыққан. 
2. Бэнкс ұзақ уақыт әуесқойлар арасында бокстасты. Ауыр салмақ дәрежесінде АҚШ-тың үш дүркін чемпионы атанды. 

3. Кәсіби бокстағы карьерасын 2004 жылы бастады. Кәсіпқой бокстағы 10 жыл ішінде 11 титулды жекпе-жектер өткізді. Оның басты жетістігі – IBO тұжырымдамасы бойынша бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы атағы.
4. Бэнкс бокстасып жүрген кездінде бапкерлік карьерасын бастады. Владимир Кличконы жаттықтырған белгілі бапкер Эмануэл Стюардпен бірге жұмыс істеді. Стюардтың өлімінен кейін украин боксшы Бэнкске бапкері болуды ұсынды. 
5. Джонатон Бэнкс британ чемпионы Диллиан Уайтты жаттықтырды. Алайда бір жыл өтпей боксшы әрі қарай серіктес болудан бас тартты. 
6. Кличко және Уайттан басқа ол абсолютті әлем чемпионы Сесилия Брекхуспен жұмыс істеді.


Пікірлер(0)

Пікір қосу