Тұлға – Тарих. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген тұлғалар

08 Мамыр, 2019 306

Түркістан – көненің көзін көрген һәм адамзат өркениетінің небір құпияларын кеудесінде бүгіп жатқан 1500 жылдан астам тарихы бар кәрі шаһар. Қаланың айналысынан табылған Шоқтас, Қошқорған сынды тас дәуірінің ескерткіштерінің дерегіне сүйенетін болсақ, бұл өлкені кем дегенде 550 мың жыл бұрын алғашқы адамдар қоныс еткеніне көз жеткіземіз. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мыңжылдықта Андронов мәдениетін жасаушылардың да өмір сүргеніне дәлел мен дәйек көп. Тарих сахнасына Йасы, Шағбар сынды аттармен шығып, Еуразия құрлығының басты қалаларының біріне айналған Түркістан бүгінгі таңда күллі түркі халықтарының қара шаңырағы болып саналады.

Меккеден бастауын алған ислам дінінің Дешті Қыпшақ даласына еркін жайылуына Түркістанның атқарған рөлі маңызды. Өйткені бұл қаладан Пайғамбар(с.а.с) күткен  сопылық мектептің ірі өкілі Қожа Ахмет Яссауи шығып, тұтас Орта Азияны Құран ілімімен сусындатты. Оның шәкіртері дүниенің төрт бұрышына даналықтың дәнін егу мақсатында жолға шығып, адамдарды Құдай жолына, исламға шақырды.

Яссауи дүниеден өткеннен кейін XIV ғасырдың аяғында Ақсақ Темір ең атақты шеберлер мен сәулетшілерді жинап алып кесене тұрғызуға пәрмен берді. Қазақ хандығына құрылған алғашқы жылдары да басты айқастардың бірі Түркістан үшін болған еді. Өйткені, түркі руханиятының лидері Қожа Ахмет Яссауи мәңгілік тұрағын туған қаласынан тапқан болатын. Кейіннен қазақтың небір хандары мен қас батырлары, атақты билерінің Яссауи кесенесінде жерленуі ғұрыпқа айналды. Бұл дәстүрдің де үлкен себебі бар. Оны алдағы күндері порталымызға жариялайтын боламыз.

Turkistan.kz тарихи-танымдық ақпарат порталы «Тұлға – Тарих» атты жаңа бөлімінің жұмысын бастады. Қолымыздағы ақпарат бойынша, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде 21(кей деректерде 25) хан мен 150-ден асып жығылатын игі-жақсылардың бейіттері бар. Алайда олардың барлығы толық ашылып, зерттелген жоқ. Тіпті бізге жұмбақ есімдер де жолығып жатыр. Осыған байланысты портал аталған бөлімі бойынша белгілі-белгісіз тұлғалар туралы мақалалар жариялауды қолға алды. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген дала даналығына сүйеніп, сізді де өткен тарихты бірге зерттеуге шақырамыз.


Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген тұлғалар

1. Есім хан - 1627-28 жж

2. Жәңгір хан - 1652 ж

3. Тәуке хан - 1715 ж

4. Болат хан - 1723 ж

5. Сәмеке хан - 1738 ж

6. Жолбарыс хан - 1740 ж

7. Әбілмәмбет хан - 1771 ж

8. Абылай хан - 1781 ж

9. Бөкей хан - 1819 ж

10. Ондан сұлтан - 1585 ж

11. Жәнібек сұлтан - 1643 ж

12. Тұрсын сұлтан - 1717 ж

13. Қайып сұлтан - 1718 ж

14. Сейіт сұлтан - 1745 ж

15. Сығай сұлтан - 1750 ж

16. Есіркеп сұлтан - XVIII ғ.

17. Барақ сұлтан - 1750 ж

18. Әбілфеиз сұлтан - 1883 ж

19. Тәуке сұлтан - 1787 ж

20. Болат сұлтан - 1798 ж

21. Есім сұлтан - 1798 ж

22. Қасым сұлтан - белгісіз

23. Тоғай сұлтан - 1816 ж

24. Әликен хан - 1860 ж

25. Ақтан Абыз - XVI ғ.

26. Қосдәулет Нұрби Абыз - XVI ғ.

27. Қаракесек Шаншар Абыз Бұлбұлұлы - XVI - XVII ғ.

28. Арғын Әнет Баба Кішікұлы - 1723 ж

29. Жалайыр Нарынбай Әулие - XVIII ғ.

30. Найман Қонақай Әулие - 1763 ж

31. Арғын Сүгірұлы Мешітбай-шақшақ Жәнібектің Батагөйі - XVIII ғ.

32. Мадияр би Жауғаштыұлы - 1735 ж

33. Қаз Дауысты Қазыбек Би Келдібекұлы - 1763 ж

34. Қараменді Би - XVIII ғ.

35. Қарауыл Қанай Би - XVIII ғ.

36. Мүсірәли Сопы Әзізұлы Сауранбай - 1752 ж

37. Күлен Би - белгісіз

38. Үсен Би - белгісіз

39. Шаштығұл Би - белгісіз

40. Шоң Би - XVIII- XVIIIІ ғ.

41. Құшетқалиұлы Бекболат Би - XІХ ғ.

42. Қоңыршұнақ Ердес Би Шүренұлы - XVIII ғ.

43. Бағаналы Бабыр Би Бөкенбайұлы - 1864 ж

44. Қожамқұлұлы Тұрдықұл Би - 1895 ж

45. Шекті Тілеу Батыр Айтұлы - 1684 ж

46. Шекті Жолдаяқ Батыр Тілеуұлы - 1684 ж

47. Есіркеп Батыр Жаманқараұлы - 1696 ж

48. Әжібай Батыр - XVIII ғ.

49. Адай Шоғы батыр Мұңалұлы - 1726 ж

50. Тобықты Көкенай Батыр - 1728 ж

51. Шаншар Жарылқап Батыр - XVIII ғ.

52. Дәу Баласы Балта Батыр - 1743 ж

53. Тарақты Наймантай Батыр - 1745 ж

54. Жанұзақ Батыр Алдиярұлы - 1749 ж

55. Шақшақ Жәнібек - XVIII ғ.

56. Тобықты Жандос Батыр Олжайұлы - 1752 ж

57. Атығай-қойлы Андықожа Батыр - 1752 ж

58. Мерген Батыр Бабасұлы - 1754 ж

59. Қанжығалы Әлібек Батыр Құдайбердіұлы - XVIII ғ.

60. Сейдалы Нияз Батыр - XVIII ғ.

61. Айтбай Батыр Аткелтірұлы - XVIII ғ.

62. Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай Батыр - 1755 ж

63. Арғын Күлеке Батыр Тәңірбердіұлы - 1760 ж

64. Арғын Қойлыбай Батыр Малайұлы - XVIII ғ.

65. Матай Бөрібай Батыр - 1760 ж

66. Қарпықұлы Текей Батыр - 1764 ж

67. Қырықмылтық Шобан Батыр Жаманқұлұлы - 1773 ж

68. Қанжығалы Бөгенбай Батыр - 1775 ж

69. Желкілдек Батыр Бөлтекұлы - XVIII ғ.

70. Таңыбайұлы Жәутік Батыр - 1775 ж

71. Қоралас Жауғаш Қырбасұлы - 1782 ж

72. Қаракесек Жарылқап Батыр - 1786 ж

73. Бөртеұлы Мамай Батыр - 1789 ж

74. Қойкелді Батыр - 1795 ж

75. Қараша Айтбай Батыр Сырғақұлы - XVIII ғ.

76. Қаржас Мырзақұл Батыр - XVIII ғ.

77. Қоңырат Сырғақ Батыр Ниязұлы - белгісіз

78. Мәңжіғұл Батыр - белгісіз

79. Сіргелі Тілеуке Батыр - белгісіз

80. Есенқұл Қырғыз Батыры әрі Манабы - 1800 ж

81. Тобықты Мамай Батыр - 1810 ж

82. Есенбай Батыр - 1844 ж

83. Есей Батыр - XІХ ғ.

84. Найман Көшербайұлы Дулыға Батыр - 1890 ж

85. Қожа .... - 1432 ж

86. Әмірзада Әли - 1438 ж

87. Бақи Сұлтан Мір Қалани - XV ғ.

88. Рәбия Сұлтан Бегім - 1485 ж

89. Қожа Дәруіш Мұхаммед - 1514 ж

90. Мүбәрәк Шах Сұлтан - 1519 ж

91. Мәстүра ханым - 1519 ж

92. Аман Бике Ханым - 1520 ж

93. Құл Мұхаммед Сұлтан - 1524 ж

94. Сүйініш Қожа хан - 1524 ж

95. Шуджа Ад-дин Халил Мырза - 1533 ж

96. Мұхаммед Әмір Хан - 1541 ж

97. Шуджа Ад-дин Мансұр Мырза - 1543 ж

98. Құдайбердіұлы Тоқтасын - 1543 ж

99. Тоқтасын - 1544 ж

100. Бек-Шайқым Қожа-шамамен - XVI ғ.

101. Бұзау Жарасұлы

102. Бижігіт Бұзауұлы

 


Пікірлер(0)

Пікір қосу