Алғыс айту күні жаңа обылыс орталығында да тойланды

02 Наурыз, 2019 225

2016 жылы Президентіміздің жарлығына сәйкес 1-наурыз "Алғыс айту күні" болып жарияланған еді. Осы айтулы шара жаңа обылыс орталығы Түркістан қаласында жоғары деңгейде аталып өтті.

Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған өзге этнос өкілдерінің өткені мен бүгіні туралы көрме ұйымдастырылып, ХҚТУ Мәдениет орталығында жиналған көпшілік олардың ұлттық киімдерімен танысты.

Шараның соңы дөңгелек үстелмен жалғасып, оған Түркістан облысынан сайланған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен олардың жастар қанаты жетекшілері, облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері, ғылыми – сарапшылық топ мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету күні деп түсінгеніміз жөн, – деді шараны ашқан обылыс әкімінің орынбасары Мәлік Нұржанұлы. Сондай-ақ Түркістан обылысынан сайланған ассамблея мүшелеріне куәліктер тапсырылды.

Орталық өкілдері депортация жылдары қолдау көрсетіп, жеген нанын бөліп берген қазақ халқына алғыс айтты.

Пікірлер(0)

Пікір қосу