Оразаның денсаулыққа оң пайдасы

10 Мамыр, 2019 126

 Әне-міне дегенше он екі айдың сұлтаны - Рамазан да келіп қалды. Бұл айда күннің аптабына, жұмыстың қаптауына қарамастан біршамасы ауыз бекітіп, Алла алдындағы парыздарын өтеуде.
 
Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе, онда ол нәрседе пенде үшін қос дүниеде де пайда болары сөзсіз. Ораза да осылай. Оның қасиеттері, шарапаты туралы, сондай-ақ, ауыз бекітушінің шексіз сауаптарға кенелетіні жайлы Құран аяттары мен Пайғамбар (с.а.с) хадистерінен оқып, имамдар ауыздарынан естіп жүрміз.
 
Бұл – оразаның адамға әкелетін рухани пайдасы. Бірақ, бұл мақалада біз ауыз бекітудің денсаулыққа әкелер дүниелік пайдасы туралы әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз.


Оразаның адам денсаулығы үшін пайдасы өте көп. Соларға жеке-жеке тоқталсақ.
 
1. Жасушалар жаңарып, ескілері жойылады
 
Ораза – адам организміндегі қажетінен артық және ескі жасушаларды жоюшы қызметін атқарады. Оразаның тәртібі бойынша, адам жылына бір ай толығымен ауыз бекітеді. Күніне кем дегенде 14 сағат жеп-ішуден тыйылып, одан кейін бірнеше сағатқа ауызын ашып, әл жинап алу қажет.
 
Бұл – адам ағзасындағы жасуларды жандандырып, керек еместерін жою процесіне қажет уақытқа дәл келеді. Адам қарны ашқан кезде әлсіз жасушалар өздігінен жойылып, аштыққа қарсы тұру үшін ішкі ағзасы белсенділікпен жұмыс істейді. Сөйтіп, олардың өміршеңдігі күшейе түседі. Сондай-ақ, ораза адам организмін тас, артық ет, май мөлшері сияқты зиянды заттардан арылтады.
 
2. Қант ауруына тосқауыл болады
 
Ораза тұту – қандағы қант үлесін барынша төмен мөлшерге түсіруге септігін тигізеді. Себебі, ораза ұстаған кезде адамның ұйқы безі дем алады.


3. Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді
 
Егер ораза ұстаушы ауыз ашқаннан кейін жейтін тамақ мөлшеріне шектеу қойып, дұрыс режиммен жүрсе, бойдағы артық салмақтан арылуға ораза таптырмайды. Яғни, адам ұзаққа уақытқа қарны аш жүріп, бірден ауыз ашқан кезде тамақ пен сусындарға тойып алмағаны жөн. Бұл керісінше салмақтың көбеюіне әкеп соғады.
 
Алла елшісі (с.а.с) ауыз ашар кезде тек бірнеше құрмалардан дәм тартып, аз ғана су ішіп ақшам намазына тұратын. Пайғамбарымыздың (с.а.с) осы бір әдеті бәрімізге үлгі бола алады. Себебі, құрманың құрамында қант бар, ал қант қан құрамына тез тарайды, сол себепті адам аузын құрмамен ашатын болса, бірден тоқшылықты сезінеді. Сонымен қатар құрма адам ағзалары қалыпты жұмыс істеу үшін қажетті энергиямен қамтамасыз етеді.
 
Көп адамдар күні бойы тамақтан тыйылып ауыз ашқаннан кейін бірден ауыр, майлы тамақтарды, көкөністерді жеп бастайды. Бұл тағамдарды асқазанның қорытуы ұзақ уақыт алады.


                                                                                         Халық медицинасы

Пікірлер(0)

Пікір қосу