Әйелдерге арман болған мекендер

13 Мамыр, 2019 484

Саяхаттау қызық - ақ. Қазіргі таңда қаражатым болса кез-келген елге, қалаған жерге саяхаттай аламын десеңіз қателесесіз. Себебі саяхаттың да өзіндік ережелері мен қағидалары бар. Әсіресе нәзік жандылар үшін баруға тыйым салынған жерлер қаншама.

Сонымен, әйелдерге арман болған мекендер қайсы?


1. Жапондар үшін қасиетті саналатын Omine тауына нәзік жандылар мүлде аяқ баса алмайды. Бұл заң 1872 жылы күшін жойса да, 13 ғасырдан бері келе жатқан ырымдары әлі де сақталуда. Тау биіктігі 1719 м. Жапондықтар бұл қасиетті тауда өздерінің діни жоралғыларын өткізеді.


2. Грекия. Афон тауы. Нәзік жандылар үшін сұлулығы тамсандырар Афон тауларына апарар жол да жабық. Грекияның солтүстік-шығысында орналасқан Афон тауларына әйелдер қауымы 15-ғасырдан бері аяқ баспаған. Аталмыш таудың биіктігі 2033 м. Оған көтерілу үшін 6-8 сағат кететін көрінеді. Афон тауы да гректер үшін қасиетті орын болып саналады. Бұл жерге тек ер азаматтар келіп, мінәжат етеді. Заңды бұзып, Афон тауларына келген әйелдер үшін 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

3. Сауд Арабиясы. Біріккен Араб әмірліктеріне де қыз-келіншектер күйеуі не ата-анасы, туысқан ер кісісіз кіре алмайды деседі. Кірерде құжаттар өте қатаң түрде тексерістен өтеді.

4. Мумбай. Әли Қажы ғимараты. Бұл ғимарат мұсылман үндістердің Құдайға құлшылық ететін орны. Ғимарат 15 ғасырдан қалған көне мұра. Өкінішке орай бұл орын да нәзік жандылар үшін тыйым салынған орындардың бірі болып саналады.


Жер шарымызда естімеген талай қызықтар бар. Әлі талай ғаламның сіз білмейтін ғажайыптары туралы жазатын боламыз.


                                                                                           дайындаған: Замира Калменқызы

Пікірлер(0)

Пікір қосу