САЙЛАУ 2019: Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы

14 Мамыр, 2019 155

Құрметті отандастар!

Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз. Бізді қасиетті жеріміздегі ортақ құндылықтар біріктіреді: бейбітшілік, игілік, өркендеу, әділдік және баршаға ортақ тең мүмкіндіктер. Мұның бәрі – Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары қол жеткізген құндылықтарымыз бен табыстарымыз.

Біздің ұлы тарихи жолымыз бар. Біз қуатты, егемен елде өмір сүріп жатырмыз. Сақтап қаларлық дүниеміз бар. Сондықтан, біз алға, болашаққа нық сеніммен қараймыз. Мызғымас бірлігіміз бар.

Мен Елбасы стратегиясының сабақтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттіміздің әлеуетін нығайту үшін президенттік сайлауға қатысуға бел будым.

Менің қағидаларым: Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу.

Сабақтастық – еліміздің жаңа даму кезеңінде Елбасының қолға алған бағытын әрі қарай тиімді жалғастыру. Ең алдымен бұл – Тәуелсіздік, Егемендік және ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Бұл – тұрақтылық, азаматтық татулық пен келісім. Бұл – серпінді экономика мен мықты әлеуметтік саясат. Менің мақсатым – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыру.

Әділдік – мәдениетіміздің ажырамас бөлігі және ғасырлар бойы қалыптасқан құндылығымыз. Ұлтына, діни нанымына, мүліктік жағдайына қарамастан барлық азаматтардың құқығының теңдігі туралы Конституция қағидасы – менің жұмысымның басты бағдары. Менің міндетім – әр отандасымыздың жеке табысқа жетуіне және өзінің әл-ауқатын көтеруіне жаңа мүмкіндіктер туғызу.

Өрлеу – бұл қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне берілетін лайықты жауап. Біз әлем үшін ашықпыз, үздік жаһандық жетістіктер мен озық технологияны игеріп, ендіруге талпынып келеміз. Өмірдің барлық саласында жаңашылдыққа дайынбыз. Мен адамдардың игілігі жолындағы жасампаз өзгерістерді қолдаймын. Ертеңгі күнге деген сенімділікті қолдаймын. Қазақстан міндетті түрде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарында болады. Өрлеу идеясы – біздің идеямыз.

Алға, Қазақстан! 

І БӨЛІМ. Сабақтастық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барлық әлем құрметтейтін қуатты мемлекетімізді құрды. Заманауи ұлт қалыптастырды. Жаңа астанамыз бой көтерді.

Біз әлемдік дағдарыстар сынынан өттік. Бұл жылдар ауқымды өзгерістер мен ұлы жеңістер кезеңі болды.

Мен Елбасының Тарих сынынан өткен стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етемін.

Мен үшін басымдықта:

  • Қоғамымыздың бірлігін сақтап қалу.
  • Еліміздің барлық азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыру.
  • Елбасы бастаған барлық әлеуметтік бағдарламаларды мүлтіксіз жүзеге асыру әрі оларды әрі қарай дамыту.
  • Тұрақты экономикалық өсім арқылы жетістіктерімізді еселеу.

Біз өткен онжылдықтарда мемлекетіміздің қалыптасуында жасалған озық дүниенің барлығын алып, соның негізінде алға еркін қадам басамыз.

Менің міндеттерім:

  1. Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің алғашқы отыздығына қосылуы үшін қажетті жағдайды жасау.
  2. Елбасының еліміздің орнықты дамуын жаңа сапалы деңгейге шығаруды көздейтін Бес институционалды реформасын – Ұлт жоспарын жүзеге асыру.
  3. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту.
  4. Қоғамдық және саяси институттарды, азаматтық қоғамды дамыту.
  5. Азаматтардың құқығы, бостандығы мен заңдық мүдделерін қорғау.
  6. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін, жеке мүліктің толық қорғалуын қамтамасыз ету.
  7. Әлеуметтік, мәдени, этникалық және діни тұрғыдағы төзбеушілік пен экстремизмнің кез-келген жолын тыю.
  8. Отандық бизнесті қолдау, инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың іскерлік белсенділігін ынталандыру.
  9. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени, гуманитарлық салаларда ұлттық мүддені қорғау.
  10. Теңгерімді, сындарлы сыртқы саясатты жүргізу.

Келесілерді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік аламын:

  • Азаматтық бейбітшілік пен келісім.
  • Азаматтардың лайықты өмір сүруі.
  • Қоғамның демократиялануы.
  • Бейбітшіл сыртқы саясат.

Бұл – менің барлық отандастарымның алдындағы борышым.

ІІ БӨЛІМ. Әділдік

Әділдік – біздің мемлекеттігіміздің мықты іргетасы.

Мен әрбір қазақстандықтың лайықты жұмысы болып, еңбегіне қарай әділ жалақы алғанын қалаймын. Әрбір азамат сапалы мемлекеттік қызметті пайдаланғанын қалаймын. Заманауи медицинаның қолжетімді болғанын қалаймын. Әрбір азаматтың үздік білім алып, заңмен толық қорғалғанын, болашаққа нық сеніммен қарағанын қалаймын.

Мен үшін басымдықта:

  • Заң үстемдігі және әділ сот төрелігі.
  • Қоғамдық қауіпсіздік.
  • Жемқорлықты түп-тамырымен жою.
  • Тиімді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі.
  • Дені сау ұлт: жоғары сапалы медицина және оның қолжетімді болуы.
  • Білімді ұлт: баршаға ортақ заманауи білім беру стандарттары.
  • Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындары.
  • Тиімді мемлекеттік басқару.

Сегіз басымдық – бұл әділдікке әкелетін сегіз кілт.

Осының бәрін қоғаммен бірлесіп және оның бақылауымен жүйелі, дәйекті түрде жүзеге асырамыз.

Менің міндеттерім:

  1. Заң үстемдігі және әділ сот төрелігі
  • Сот жүйесін реформалауды жалғастырамыз.
  • Судья болуға ниеттенген үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарды қатаңдатамыз.
  • Сот билігі мен соттардың тәуелсіз болуын қамтамасыз етеміз, алайда соттардан Сот этикасы кодексін қатаң ұстануын талап етеміз.
  • Сот жүйесі органдарының жұмысы ашық бола түседі.
  • Заңды бұзған азаматтар шені, лауазымы және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан жазасын әділ өтейді.
  • Сот процесінде айыптаушы жақ пен қорғаушы жақтың құқықтары тең болады.
  1. Қоғамдық қауіпсіздік
  • Біз қоғамдық қауіпсіздікті күшейтеміз. Көшелерімізде тыныштықты қамтамасыз етіп, балаларымыздың ортасын қауіпсіз етеміз. Қылмысқа қарсы табандылықпен күресеміз.
  • Полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтеміз. Полицияның міндеті – азаматтарға көмек көрсету және оларды қорғау.
  • Құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу және дайындау талаптарын күшейтеміз.
  • Азаматтардың сенімі мен құрметіне бөленген қызметкерлердің лауазымын өсіреміз.
  • Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетеміз.
  1. Жемқорлықты түп-тамырымен жою
  • Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Жемқорлық мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді, мемлекеттің дамуына тосқауыл қояды.
  • Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жеткіліксіз. Жемқорлықтың кез-келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды.
  • Қоғамдық бақылауды күшейтеміз. Басқарудың барлық деңгейінде құқықтық-нормативтік актілердің жемқорлыққа қарсы сараптамасына үкіметтік емес ұйымдарды тартамыз.
  • Парламенттің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуымен мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеміз.
  1. Әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі
  • Біз әлеуметтік саясатты әрі қарай жалғастырып, әлеуметтік саланы дамытуға қосымша 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлеміз.
  • Әрбір отбасының әл-ауқат индикаторы көрсетілетін әлеуметтік картасы болады. Аймақтарда бірыңғай әлеуметтік саясат жүргізіледі. Әлеуметтік кепілдік бәріне бірдей қолжетімді болады.
  • Аз қамтылған, көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынуын қамтамасыз етеміз.
  • Қолжетімді баспананың құрылыс барысы мен олардың бөлінуіне қатаң бақылау жасаймыз. Бұл жұмыста жұртшылықтың пікіріне сүйенеміз.
  • Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, барлық санаттағы мұқтаж адамдарға берілетін әлеуметтік көмектің ауқымын кеңейтеміз.
  • Атаулы әлеуметтік көмектің ашықтығын және мақсаттылығын арттырып, оны алу уақытын қысқартамыз.
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, оның сапасын арттырамыз. Олардың әрқайсысы цифрлық портал арқылы қайта оңалту үшін қажетті техникалық құралдар мен қызметтерді таңдау құқығына ие болады.
  • Аға буын өкілдеріне қолдау көрсетудің жаңа форматтарын енгіземіз. Зейнетақы реформасын жалғастырып, зейнеткерлеріміздің өмір сүру сапасын жақсартамыз.
  • Әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған қайырымдылық бизнес-бағдарламаларын ынталандырамыз.
  1. Дені сау ұрпақ: жоғары сапалы медицина және оның қолжетімді болуы
  • Денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын шығынды тұрақты негізде арттырып, ІЖӨ-нің 5%-ына дейін жеткіземіз. Әрбір қазақстандық үшін сапалы медициналық қызметті қалада да, ауылда да қолжетімді етеміз.
  • Еліміздің барлық аймақтарында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің «адымдық» қашықтықтағы қолжетімділігін енгіземіз.
  • Денсаулық сақтау жүйесінің толық материалдық-техникалық жабдықталуын қаматамасыз етеміз.
  • Біз дәрігерлердің мәртебесін көтеріп, оларға түсетін жүктемені Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көрсеткішке сәйкес азайтамыз.
  • Цифрлық медицинаны дамытуға басымдық бере отырып, медицина ғылымындағы жаңа жетістіктерді енгіземіз.
  • Ауыл тұрғындарының алғашқы диагностика мен скринингтен өтуін қамтамасыз етеміз.
  • Ауылда мобильді дәрігерлер тәжірибесін енгіземіз, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді және Ұлттық телемедициналық жүйені дамытамыз.
  • Халықтың салауатты өмір салтын белсенді насихаттап, ауруды болдырмау және алдын алу бойынша жұмысты күшейтеміз.
  • Медициналық ЖОО мен колледждерге, дәрігер мамандарын дайындаудың сапасына қойылатын талаптарды қатаңдатамыз. Өңірлік клиникалардың бір бөлігін медициналық ЖОО-ға береміз. Бұл жас дәрігерлердің өз кәсібіне теориялық және тәжірибелік тұрғыдан толық дайындықпен кірісуіне мүмкіндік береді.
  • Дәрілік заттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, бөлшектік саудадағы бағасын төмендетеміз.
  1. Білімді ұрпақ: баршаға ортақ заманауи білім беру стандарттары
  • Білім және ғылым жүйесіне жұмсалатын жалпы шығын жыл сайын өсіп отырады.
  • Педагогтар мен тәрбиешілердің мәртебесін өсіреміз. Оларға қосымша әлеуметтік кепілдіктер ұсынамыз. Жүктемелерін азайтып, есептілікті қысқартамыз.
  • Еліміздің барлық өңірінде балаларды мектепке дейінгі сапалы біліммен толық қамтамасыз етеміз.
  • Ауылдағы және қаладағы білім сапасының айырмашылығын азайтамыз. Орта мектептегі 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуді аяқтаймыз.
  • Алдымен қазақ тілін оқытуға, жалпы пәндерді қазақ және орыс тілдерінде оқуға, ағылшын тілін біртіндеп меңгеруге басымдық бере отырып, үш тілді білім беруге сатылай көшуді жалғастырамыз.
  • 2022 жылға дейін еліміздегі барлық апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешеміз.
  • Балаларымыздың жүктемесін азайтып, жаңа оқыту әдістемелері арқылы олардың оқу жағдайын жақсартамыз.
  • Ерекше балалардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету үшін инклюзивті білім беру жүйесін енгізуді жалғастырамыз.
  • 180 мемлекеттік колледжді жаңғыртып, сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар дайындауда заманауи оқыту бағдарламасын енгіземіз. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттырамыз.
  • Біз жастардың әлемнің үздік университеттерінде білім алу ұмтылысын қолдап, «Болашақ» бағдарламасын жаңа талаптарға сәйкес іске асыруды жалғастырамыз.
  • Жоғары оқу орындары мен колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтамыз. Қашықтықтан оқыту, онлайн, қос дипломды бағдарлама, студенттердің академиялық ұтқырлығы сынды оқытудың жаңа формаларын енгіземіз. Мұның бәрі жастардың кәсіптік-техникалық, жоғары білім алу мүмкіндіктерін арттырады.
  • 2023 жылға дейін еліміздің барлық өңіріндегі студенттік жатақханалар санын үш есеге көбейтіп, жеке инвестицияларды жатақхана салуға ынталандырамыз.
  • Қазақстандық ғылымды қолдап, оның ел дамуына қосатын нақты үлесін арттыру үшін жүйелі іс-шаралар қабылдаймыз. Жас ғалымдардың зерттеулерін ынталандыру мақсатында жыл сайын қосымша 3 миллиард теңге бөлінеді.
  1. Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындары
  • Өнімді жұмыспен қамту негізінде қазақстандықтардың табысын арттыру мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудағы негізгі фактор болады.
  • Еңбек жолының кез келген кезеңінде білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеміз. Бұл үшін жұмыскерлерінің білімін жетілдіріп, жаңа дағды қалыптастыруына көмек беруі үшін жұмыс берушілерді барынша ынталандырамыз.
  • Өнімді жұмыс орындарын құрамыз, бұл ең алдымен, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, іскерлік қызметтер, ІТ және туризм салаласын қамтиды.
  • Әйелдердің еңбек құқығын қорғауды жалғастырып, гендерлік сипаттағы теңсіздікпен күресеміз. Әйелдерге қолайлы жұмыспен қамту тетіктерін енгіземіз. Барлық мемлекеттік басқару мен корпоративтік сектордағы әйелдер қатарын арттырамыз.
  1. Тиімді мемлекеттік басқару
  • Жинақы кәсіби мемлекеттік аппарат басқарудың тиімділігін арттырады және бюджет шығынын азайтады.
  • Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және бюджет қаражатын қолдануда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін қатаңдатамыз. Қаражатты жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етеміз. Халықтың ақшасын тиімсіз жұмсау немесе ұрлауға қатысты барлық заң бұзушылықтарға тосқауыл қойылып, қатаң жазаланады.
  • Біз мемлекеттік аппаратты азаматтардың қажеттілігіне бағдарлаймыз. Мемлекеттік қызметшілер қоғамның бақылауында болуы тиіс.
  • Автоматтандыру мен цифрландырудың есебінен халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттырамыз.
  • Қайталанатын, артық қызмет түрлерін алып тастап, мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландырамыз.
  • Барлық ведомстволық бағынышты ұйымдар мен ұлттық компаниялар қоғамға есеп беретін болады.
  • Мемлекеттік органдардың барлық деңгейіндегі бірінші басшыларына жеке блог пен онлайн қабылдау ұйымдастырамыз, азаматтардың өтінімдеріне немқұрайлы қарағандарды қатаң жазалаймыз.
  • Жұмысына адал мемлекеттік қызметшілерді қолдап отырамыз. Мемлекеттік басқаруда меритократия негізінде кадрлық өсірудің ашық және тиімді жүйесін қамтамасыз етеміз.

Біз күш-жігерімізді біріктіріп, Тәуелсіздіктің күрделі жолында мол табысқа жеттік. Енді біз қазақстандық арманымызға – баршаға ортақ игілікке жету үшін алға қарай батыл қадам жасаймыз.

ІІІ бөлім. ӨРЛЕУ

Азаматтарымыздың жарқын болашағын өз жауапкершілігіме аламын. Мақсатым – әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру.

Елбасының «Қазақстан заман талабы қойып отырған сын-тегеурінге дайын болуы керек» деген идеясын басшылыққа аламыз.

Біз Өрлеуді таңдаймыз!

Мен үшін басымдықта:

  • Қарқынды экономика.
  • Ауқатты және заманауи ауыл.
  • Табысты кәсіпкерлік.
  • Тиімді қаржы жүйесі.
  • Жоғары санатты инфрақұрылым.
  • Қолжетімді баспана, таза экология.
  • Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан.
  • Құбылмалы әлемдегі Қазақстанның өрлеуі.
  • Саяси жүйені трансформациялау.
  • Өрлеудің қозғаушы күші – жастарға арқа сүйеу

Менің міндеттерім:

  1. Қарқынды экономика – баршамыздың әл-ауқатымыздың негізі
  • Әлемнің дамыған елдерінің алғашқы отыздығына кіру үшін экономикалық өсім қарқынын тұрақты ұстап тұру қажет.
  • Республикалық және жергілікті бюджеттің форматын мемлекетті дамыту мақсатына сәйкес өзгертеміз. Тиімсіз «имидждік» жобалар мен бағдарламалар тоқтатылады.
  • Түрлі салалардағы отандық тауар өндірісі мен қызметін ынталандырып, қарапайым заттар экономикасын дамытамыз.
  • Отандық бизнесті қолдаймыз. Экономикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 30%-ға жеткіземіз.
  • Отандық және шетелдік инвестицияны толық қорғаймыз.
  • Тікелей шетел инвестициясын тарту жұмыстарын күшейтеміз.
  • Біз қазақстандық транскомпанияларды дамытып, халықаралық және өңірлік өндірістің негізгі құрамдас бөлігіне айналатын салаларды ынталандырамыз.
  • Халықаралық сапа стандарттарын енгізіп, өз өнімдерімен жаңа нарықтарға шығатын кәсіпорындарды қолдаймыз.
  • Сыртқы нарыққа қазақстандық тауарлар мен қызметтерді белсенді түрде шығаратын боламыз.
  • Жекеменшік секторы үшін экономикалық кеңістікті сақтап қалу мақсатымен жаңа мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың құрылуына мараторий жариялаймыз.

2. Ауқатты және заманауи ауыл

  • Ауыл шаруашылығы зор экономикалық және әлеуметтік маңызға ие. Ауылдық жерлерде еліміздің 42 % халқы тұрып жатыр. Агроөнеркәсіп секторын дамыта отырып, ауылдарды ауқатты және қазіргі заманға сай мекенге айналдырамыз.
  • «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында ауылдық елді мекендерді кешенді түрде дамытып, өмір сапасының озық стандарттарына жақындатамыз.
  • Бірінші кезекте ауылды жерлердегі инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлеміз: жергілікті маңызға ие жолдар, тіршілік көздері жүйесі (су және энергиямен қамтамасыз ету), байланыс, интернет, әлеуметтік-мәдени және спорттық нысандар басты назарда болады.
  • Жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу және оны пайдаланудың ашық және тиімді механизмін қамтамасыз етеміз. Жер тек еңбек етемін деген адамдардың игілігінде болуы керек!
  • Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді заманауи технологияларға көшуін ынталандырамыз. Бұл түсімді және өнімнің сапасын арттырады.
  • АӨК субсидиялаудың ашықтығын және тиімділігін арттырамыз, барлық нысандарға, соның ішінде шағын және ірі шаруа қожалықтары, кооперативтерге арналған қаржы құралдарының жиынтығын кеңейтеміз.
  • АӨК-ті жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге және оны экспорттауға бағыттаймыз. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдар мен елді мекендердегі табысын арттырады.
  • Ауыл тұрғындарын жергілікті өзін-өзі басқаруға, пайда болған мәселені өз жерінде шешуге белсенді араласу үшін ынталандырамыз.
  • Отандық ауылшаруашылық өндірушілеріне қолдау көрсетеміз, өнімдерді тасымалдауды ұйымдастыруға көмектесеміз, өнімді өткізу мүмкіндігін кеңейтеміз.
  • Қайта өңдеу өндірісін жаңғыртуға, азық-түлік өнімдерінің жаңа қазақстандық брендтерін шығаруға және дамытуға ірі трансұлттық компанияларды тартамыз.
  • 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге дейін көтереміз.

3. Дамыған кәсіпкерлік

  • Біз ұлттық бизнес пен азаматтардың жеке бастамаларын табанды түрде қолдаймыз. Кең ауқымды кәсіпкерлік ортаға ден қоямыз.
  • Отандық бизнеске реттелмелі сатып алуларға жол ашамыз. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қаржысы – салық төлеушілердің ақшасы. Олар біздің экономиканы дамытуға, қазақстандықтардың табысы мен әл-ауқатын арттыруға жұмсалуы тиіс.
  • Біз бизнеске қосымша талаптар қоятын заңнамалар мен реттейтін нормалар үшін өтпелі кезең енгіземіз.
  • Жаңа кәсіпорындарға 3 жылға дейінгі инвестициялық салықтық несиелер ұсынылатын боламыз. Ол бизнестің аяқтан тұрып, нарықта нығаюына мүмкіндік береді.
  • «Кәсіпкердің адалдық презумпциясын» қарастыратын заңнамалық нормалар енгіземіз. Экономикалық санкциялар, оның ішінде айыппұл, лицензиядан айыру жіберілген құқық бұзушылықпен сәйкес болуы тиіс.
  • Монополиялық басымдықтарын асыра пайдалану мен негізсіз тарифтерді қымбаттатудың жолын кесіп, бәсекелестікке кедергілерді жоямыз.
  • Off-take келісім шарттарын кең тәжірибеге енгізе отырып, бизнесті несиелеудің қол жетімділігін кеңейтеміз.
  • Отандық тауар өндірушілердің көлік шығындарын субсидиялау бойынша шаралар қабылдаймыз.
  • Мемлекет пен бизнестің әлеуметтік серіктестігін қарқынды дамытамыз. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік аз қамтылған санаттағы 100 мың адамды өз ісін ашуға жол сілтейтін кәсіпкерлік негіздерін оқытады.
  • Университеттердің базасында тәжірибе мен заманауи бизнес-технологияны игеруге басымдық беретін өңірлік бизнес-мектептер желісін қалыптастырамыз.
  • Ірі отандық және шетелдік инвесторлар еліміздің шағын және орта бизнесінің өнімдері мен қызметін белсенді пайдаланып, ұлттың адами капиталын дамыту бойынша жұмысын күшейтетін болады.

4. Тиімді қаржылық жүйе

  • Біз теңгерімді экономикалық өсімді, макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді ақша-несие саясатын қамтамасыз етеміз.
  • Мемлекеттік бюджеттің ашықтығы мен тиімділігін арттырамыз.
  • Бюджет шығынының шикізат бағасына тәуелділігін азайтамыз.
  • Оңтайландыру және сәйкестендіру арқылы салық жүйесін жеңілдетеміз.
  • Бюджеттік жоспарлауды автоматтандыру арқылы, барлық өндірістік емес шығындар мен артық шығындарды жойып, салынған мемлекет ақшасының әлеуметтік және экономикалық қайтарымын қадағалауды күшейтеміз.
  • Төртінші деңгейлі бюджетті қалыптастыру аяқтап: еліміздің әр елді мекенінің жеке бюджеті болады.
  • Ең үздік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, ашық бюджеттік механизм жасаймыз. Жергілікті жерлерде халықты бюджеттік шығындарды жоспарлауға және бақылауға қатыстырамыз.
  • Шағын және орта бизнес нысандарынан алынатын корпоративті табыс салығы республикалық бюджеттен алынып, өңірлерге беріледі, осылайша өңірлердің бюджеттік базасы ұлғайтылады.
  • Біз бизнес үшін несиенің қол жетімділігін арттырамыз.
  • Банктерді нығайтып, азаматтарымыздың жинағын сақтауды қамтамасыз етеміз.
  • Банктік емес ұйымдардың несие беру талаптарын күшейтіп, жауапсыз несие берушілер мен алаяқтардың жолына тоқсауыл қою арқылы халықты қаржылық қауіптерден толықтай қорғаймыз.
  • Қор нарығын дамытудың есебінен бизнесті қаржыландыруды кеңейтіп, азаматтардың кірісін арттырамыз. Мемлекеттік және жеке сектордың ұлттық қор нарығына шығуы үшін қажетті шаралар қабылдаймыз.
  • Кедендік әкімшілендіруде тәртіп орнатып, бюджетті қосымша түсіммен қамтамасыз етеміз.
  • Ішкі нарықты сапасыз, жасанды, контрафактілік өнімдерден қорғаймыз.
  • Көлеңкелі экономикамен жүйелі және дәйекті түрде күресеміз. Бес жылдың ішінде көлеңкелі экономиканы Экономикалық әріптестік және даму ұйымы елдерінің деңгейіне дейін, яғни 15-17 пайызға төмендетеміз.

5. Жоғары класты инфрақұрылым

  • Біз еліміздің көлік-логистикалық кешенін жетілдіріп, транзиттік қуатын өсіреміз. Көлік шығындарып азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашамыз.
  • Қытай-Еуропа бағыты арқылы, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен контейнерлік тасымалдау жүйесін дамытуды жалғастырамыз.
  • Орталық-Шығыс, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Солтүстік және Орталық-Батыс дәліздері арқылы еліміздің біртұтас көліктік жүйесін қалыптастыру ісі аяқталады.
  • Оңтүстік Қазақстанда жылдам магистральдарының құрылыс жобасы жүзеге асырылады.
  • Автомобиль жолдарының сапасын көтереміз. Бес жылдың ішінде республикалық маңызға ие жолдардың жағдайын 100 пайызға, облыстық және аудандық маңызға ие жолдарда 95 пайызға жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткіземіз. Осылайша «үйге дейінгі жол» қағидасы жүзеге асырылады.
  • Шағын авиацияны дамытамыз. 2025 жылға дейін қосымша 13 жергілікті әуежай құрылады.
  • Энергетика жүйесіне заманауи және «ақылды» технологияларды енгізу арқылы толықтай жаңартылады.
  • Жаңартылған энергия көздерін енгіземіз, ЖЭК өндіретін қуаттың үлесі мен энергияның баламалы көздерін 2030 жылға қарай 30 пайызға жеткіземіз.
  • Орталық Қазақстанды «Сарыарқа» жобасы арқылы газдандырып, магистральді бөлігінің құрылысын 2019 жылы аяқтаймыз.
  • 2025 жылға қарай экономикадағы қуаттың жұмсалуын 15 пайызға төмендетеміз.

6. Қолжетімді баспана және таза экология

  • Халықтың барлық топтары үшін тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешеміз. Барлық тұрғын үй бағдарламалары бірегей тұрғын үй құрылысы саясатына біріктіріледі. Бұл саясаттың аясында ұстаздар мен дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасын іске қосамыз.
  • Аз қамтылған әлеуметтік санаттағы азаматтарға, жастарға жалға берілетін және қолжетімді тұрғын үй ұсынылады, оның ішінде жеке инвестиция мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі де қарастырылады.
  • Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жыл сайын 1 мыңнан кем емес жалға берілетін пәтер саламыз.
  • Мемлекеттік бағдарламалардың аясында 2025 жылға дейін 650 мың отбасын немесе 2 миллионнан астам азаматты жаңа баспанамен қамтамасыз етеміз.
  • Коммуналдық қызметтер мен пәтер иелері кооперативтерін тиімді әрі халыққа жақын етеміз. Тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын, коммуналдық қызметтердің сапасын арттырамыз.
  • Коммуналдық инфрақұрылымдарды, соның ішінде бірінші кезекте жылу, су және энергия жүйелері жаңғыртылады.
  • Азаматтарды таза экологиямен және қоршаған ортамен қамтамасыз етеміз. Таза қоршаған орта – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен олардың денсаулығының маңызды көрсеткіші.
  • Экологиялық заңнаманы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкестендіреміз.
  • Өндірістік кәсіпорындарда экологиялық қауіпсіздіктің деңгейін көтеру үшін халықаралық стандарттар мен технологияларды енгіземіз.
  • Қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығаратын барлық ірі кәсіпорындарды қалдықтарды түбегейлі азайтуға және тазартудың жаңа технологияларын енгізу бойынша нақты жоспарлар әзірлеуге міндеттейміз.
  • Әр өңір экологиялық ахуалды жақсарту бойынша жұртшылықпен бірлесіп кешенді жоспар әзірлейді.
  • Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін әрі қарай дамытамыз.
  • Қолданыстағы қуат көздерінде CO2 қалдықтарын тазарту үшін жаңа технологияларды пайдалануды арттырамыз.
  • 2025 жылға дейін еліміздің барлық халқын (өңірін) сапалы ауыз сумен қамтасыз етеміз.
  • Қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қалалар мен олардың айналасын көгалдандырамыз.

7. Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан

  • Біз тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтардың бәріне қолайлы өмір сүруіне жағдай жасаймыз. Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлейміз.
  • Өңірлердің теңсіздігін азайтып аймақтардың тең дамуына жағдай жасалады. Халықтың әлеуметтік және қоғамдық игіліктерге қолжетімділігін арттырамыз.
  • Елде басқарылатын урбанизация қалыптастырып, облыс орталықтарының өсімін қамтамасыз етеміз.
  • Біз 2050 жылға дейінгі облыс орталықтары мен ірі қалалардың даму Стратегиясын әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарамыз. Ірі мегаполистер – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын «Шетсіз қала» қағидасы бойынша дамытуды жалғастырамыз.
  • Моно және шағын қалаларда әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытамыз.
  • Әр қалада, аудан орталығында және ауылда «қадамдап қол жеткізу» қағидасы негізінде өмір сапасының өңірлік стандартының негізі болатын қоғамдық игілік пен қызметтер енгізіледі.
  • Халық табысының және өмір сапасының артуы, шағын және орта кәсіпкерліктің өсуі және тиімді жұмыспен қамту, инвестициялар мен жаңа кәсіпорындардың көбеюі барлық деңгейдегі әкімдердің жұмыс тиімділігін бағалау өлшеміне айналады.
  1. 8. Алмағайып әлемдегі үдемелі Қазақстан
  • Қазақстан әлемде өзін бейбітсүйгіш, ашық, сенімді мемлекет ретінде үлкен беделге ие болды және халықаралық істерде жауапты серіктес болып танылды.
  • Прагматикалық, конструктивті, көпвекторлы сыртқы саяси бағытымызды жалғастырамыз.
  • Халықаралық аренада өзіміздің ұлттық мүддемізді қатаң сақтаймыз және қорғаймыз.
  • Елімізге инвестициялар тартуда, барлық қызығушылық танытқан елдермен азаматтардың мүддесі үшін ынтымақтастықты арттыруда Қазақстанның осы уақытқа дейінгі халықаралық сенімін тиімді пайдаланамыз.
  • Біздің сыртқы саясаттағы қадамдарымыз мемлекетімізге, ұлттық бизнеске, әр азаматқа нақты пайдасын тигізуі тиіс.
  • Көпвекторлық қағидасын ұстана отырып, стратегиялық серіктестеріміз – Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттерімен, Еуропалық Одақ, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерімен тең, достық қарым-қатынасты с

Пікірлер(0)

Пікір қосу