Өрмекші адам болып ойнап жүрген бала сегізінші қабаттан секіріп кетті

15 Мамыр, 2019 302

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Тбилисиде Өрмекші адам болып киінген төрт жасар бала сегізінші қабаттағы терезеден секіріп, жеңіл-желпі жарақат алды.

Негізінде балақаймен бірге пәтерде әжесі де болған. Ол кісі төрт жасар немересі өз бөлмесінде ойнап отыр деп ойлапты. Әжей болған жайтты көршілерден бір-ақ естіген, деп жазады Грузия Online.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Өрмекші адам болып киінген сәби сүйікті кейіпкеріне еліктеген екен.

8-қабаттан секіріп кеткен бүлдіршінді туыстары дереу ауруханаға жеткізіп салды. Дәрігерлердің медициналық көмегінің арқасында бала қысқа уақытта аяғына тез тұрып кетті. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша жас бүлдіршіннің өміріне қазір ешбір қауіп төніп тұрған жоқ. Сондықтан, бала бүгін өз үйіне оралады.


Пікірлер(0)

Пікір қосу