50 мың дана раушан гүлі сатылымға шығады

03 Наурыз, 2019 240

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында түркістандық кәсіпкер 50 мың дана раушан гүлін сатылымға шығармақ. Бүгінгі таңда Түркістан обылысы, Қазығұрт ауданындағы 1,5 гектар аумақты алып жатқан жылыжайда аталған гүлдің "Черная магия" тұқымы күтіп, бапталуда.

"Гүлді алғаш рет 2013 жылы 0,40 гектарға егіп көрген болатынбыз. Нәтижесінде гүлге деген сұранысты байқап, жылыжай көлемін 1,5 гектарға дейін ұлғайттық. 2018 жылы 45 мың дана гүл дайындалып, ауыл, аудан және облыс көлемінде сатылымға шығарып, табысқа кенелдік. Биыл түсім одан да жақсы болады деген үміттеміз», – дейді "Гул Мансур" ЖШС-нің иесі.

Сондай-ақ кәсіпкер 4 адамды жұмыспен қамтып тұр. Маусым кезінде олардың жаны 25-ке дейін жететінін де тілге тиек ете кетті.

Пікірлер(0)

Пікір қосу