Қысқаметражды отандық фильм Арменияда топ жарып, жүлдемен оралды.

19 Мамыр, 2019 153

Turkistan.kz ақпараттық порталы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген "Соңғы мұғалім" атты қысқа метражды фильм Халықаралық қысқаметражды фильмдерге арналған фестивальде арнайы жүлдеге ие болды. Аталған фестиваль мамыр 1айының 9-ы мен 13-і аралығында Армения астанасында өтті.

Режиссері және сценарий авторы: Ален Рахметәлиев

Операторы: Еркебұлан Балғабай

Қоюшы суретші: Нұргүл Дүймағамбетова

Дыбыс режиссері: Малика Беламанова

Атқарушы продюсер: Әділет Ибраhим

Актерлер: Мұрат Бекхожин, Ерболат Атабай, Хақназар Ерасылұлы

Ален Рахметәлиев – сценарист, режиссер. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі («Көркем фильмдер режиссері» мамандығы бойынша). «Соңғы күн» (2015), «Ойыншы» (2016), «Шыдамдылық» (2017) сынды қысқаметражды фильмдердің авторы.


Фильмде химия пәнінің мұғалімі Ержан Қайдарұлының өмірі баяндалады. Оның сабақтарында оқушылар үнемі шулап отырады. Бір күні жоғарғы сынып оқушыларынан жәбір көрген ұлын қорғамақ болған ұстаз олармен күреспек болады.

Биыл Yerevan International Short Film Festival фестиваліне қатысуға 65 мемлекеттен 650 өтінімдер келіп түскен.

Сонымен қатар, былтыр «Соңғы мұғалім» фильмі Түркияның Стамбул қаласында өткен Dostluk Kısa Film Festival халықаралық кинофестивалінде екінші орын алған болатын.


Дайындаған: Рысгүл Досжанова

Пікірлер(0)

Пікір қосу