"Евровидение -2019" байқауыны өз мәресіне жетті

19 Мамыр, 2019 222

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Мамыр айының 14 - 17 аралығында өткен жартылай финалдың екі іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен әншілердің Израильде Тель-Авив қаласында «Eurovision-2019» байқауының гранд-финалы өтті. Байқауға әр елден 26 өнерпаз қатысты. 

Гранд-финал қонақтары ретінде белгілі америкалық поп-әнші Мадонна, аталмыш байқаудың 1979 жылғы жеңімпазы Гали Атари, сондай-ақ Кончита Вурст (2014 жылғы жеңімпаз), Монс Зелмерлев (2015 жылғы жеңімпаз), ресейлік әнші Верка Сердючка және тағы басқалары шақырылып, ән шырқады. 

Халықаралық байқаудың ақтық сыны төрт сағатқа созылып, арнайы «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетті. 

Гранд финалда өнер көрсеткендер: Мальта елінен Микела есімді әнші, Албаниядан - Джонида, Чехиядан - «Малави көлі», Германиядан - S!Sters, Ресейден - Сергей Лазарев, Даниядан - Леонора, Сан-Маринодан - Тамара Тодевска, Швециядан - Джон Лундвик, Словениядан - Зала Краль мен Гашпер Шантл, Кипрдан - Тамта, Нидерландыдан - Дункан Лоуренс, Грециядан Катерина Дуська, Изарильден - Коби Марими, Норвегиядан - KeiiNO, Ұлыбританиядан - Майкл Райс, Исландиядан - Хатари, Эстониядан Виктор Крон, Беларусьтан - Zena, Әзербайжаннан - Чингиз, Франциядан - Билал Хассани, Италиядан - Махмуд, Сербиядан - Невена Божович, Швейцариядан Лукка Ханни, Австралиядан - Кейт Миллер, Испаниядан Мики сахнаға шықты.

41 елден арнайы таңдалған қазылар алқасының шешімімен және көрермендердің дауыс беруі арқылы байқау жеңімпазы анықталды. Әділқазылар белгіленген 12 ұпайды бір күн бұрын белгілеп, көрермендердің дауысытікелей эфирде қабылданды. Қазылардың шешімі қатаң құпияда сақталып, тікелей эфирдегі телекөрермендердің дауысымен қоса есептелді. 


Нәтижесінде, 492 ұпаймен Нидерланды әншісі Дункан Лоуренс жеңімпаз атанды. 465 балл жинаған италиялық әнші Махмуд - екінші, 369 ұпай алған Ресей әншісі Сергей Лазарев үшінші орыннан көрінді. Нидерланды елі «Eurovision» байқауында соңғы рет 1975 жылы жеңіске жеткен екен

Дайындаған: Рысгүл Досжанова


Пікірлер(0)

Пікір қосу