Сапалы білім ордасы қара шаңырақ - ҚазҰУ

03 Наурыз, 2019 467

Адам баласы осы өмірге аяқ басып, шыр етіп дүние есігін ашқанда әр түрлі кезеңдерден өтеді. Әр кезеңнің өзінің ерекшелігі мен қызығы бар екені хақ. Сол кезеңнің бірі - студенттік кезең. Ұлы өмірге аяқ басып, кәмелетке толып , азамат атанып, мемлекеттің кішкене бөлшегіне айналасың. Тарыдай болып кірген мектептен таудай болып университет табалдырығын аттайды.

Әрбір бітіруші түлектің қара шаңырақ ҚазҰУ-ға түсу екені айдан анық.

85 жылдық тарихы бар М.Әуезов атамыз сабақ берген, «Махаббат қызық мол жылдар» атты көркем шығарманың кейіпкері Ербол, халықаралық спорт шебері Ермахан Ыбрайымов сынды атақты тұлғалар білім алған ҚазҰУ киелі орда.

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті- Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беретін жетекші білім ордасы. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің мақсаты отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әлемдік білім беру кеңістігінде орын алатын, қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамытып, оларды өндірісте қолдануға өз үлестерін қосатын жоғары маман иелерін дайындау болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасындағы рейтинг бойынша алғаш тұрған, елімізде ең алғаш Қазақстан Республикасының Президентінің “Сапа бойынша жетістігі үшін” сыйлығының лауреаты, өнімдер мен қызметтердің сапа бойынша жетістігі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұсынған сыйлықтың дипломанты атанған бірден-бір оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық университтер бірлестігінің мүшесі және Евразиялық университтер бірлестігінің тең құрылтайшысы болып табылады, сонымен қатар Қазақстандағы бірінші және Орталық Азия елдері Болонье қаласындағы Ұлы Хартия Университтері келісім шарт жасаған жоғары оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ біліммен, ғылыммен, рухани-тәрбиемен, инновациялық және өндірістік потенциалмен қамтамасыз ете алады.

Университтің құрамында 15 факультет, 63 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары, технопарк іске қосылған; 2 мыңға жуық профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары, 100-ден аса ірі академиялардың академиктері, 30 –ға жуық Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан аса Мемлекеттік лауреаттар және ҚР таңдаулы сыйлықтарының иегерлері, 40 жас ғалымдар сыйлығының иегері, 45 мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегерлері жұмыс жасайды. Университет қабырғасында 18 мыңға жуық студенттер мен магистранттар жоғары деңгейлі жүйе бойынша кәсіби білім алады. Университет 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен халықаралық білім бағдарламасын жүзеге асыруда, студенттер ауыстырып білім беруде және тәжірибелер өткізуде бірлесіп жұмыс жасауда.

Балапандай қанат қаққан, әрбір жас тұлғаны бауырына басып дамуына үлес қосып келе жатқан маңдай алды университет ол – ҚазҰУ. Қазіргі таңда ҚазҰУ QS халықаралық рейтингінде 800 университет арасында 236-орында тұрғанын айта кетуіміз керек. Әрбір студент еліміздің болашағы. Сапалы маман даярлауда біздің университет алдыңғы қатарларда жүр. Білімнің қайнар ошағы болып отырған қара шаңырақ заманауи білім беруден де қалыс қалып жатқан жоқ. Әлемдік озық елдерге студенттеріміз барып оқып келіп тәжірибе жинап университетте дуалды жүйе де қалыптасып теория мен практиканы қатар дамытып жатыр. Оқим деген әрбір тұлғаға жан-жақты көмек пен мүмкіндік жетерлік. Танымал профессорлар мен білімді ұстаздардан білім алған студенттеріміз жақсы жерлерде қызмет атқарып жүрген жандар аз емес. ҚазҰУ білім мен тәрбиенің ошағы, қара шаңырақтан білім алған әрбір тұлға мемелекет болашағы. Тарихы тереңде жатқан қаладағы тарихи университетім менің саған алғысы шексіз!

Абылай Бекқажиев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

1-курс магистранты

Тарих-педагогика мамандығы


Ғылыми жетекшісі:

Үдербаева Сәуле Кәрібайқызы,

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті



Пікірлер(0)

Пікір қосу