Әмірхан Балқыбектің 50 жылдағына арналған облыстық жыр мүшайрасы өтті

20 Мамыр, 2019 245

       Қыдыр аралаған Қызылқұм өңіріндегі киелі де шежірелі Шардара елінің аудандық мәдениет сарайында «Жастар жылы» аясында ҚР Президенті стипендиясының иегері, ақын, түркітанушы Әмірхан Балқыбектің 50 жылдығына арналған «Жарқ еткен жасын ғұмыр» облыстық жас ақындар мүшайрасы өтті. Шежірелі Шардара ақынын ардақтап, жазушысын құрметтеп,  әншісін әлдилеген ел екенін тағы бір айқындағандай болды.

Ақынның шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіліп, кешті аудан әкімі Қыстауов Болатбек  Дүйсенбекұлы ашып берді. Сонымен қатар, Әмірхан ақынды дүниеге келтірген, өсіріп, тәрбиелеген асыл анасы Тұрсынай  апа мен аяулы жары Шойбекова Мархабат ханымды сахна төріне шақырып, аудан әкімі арнайы өзінің алғыс хатын табыстап. құрмет көрсетті.

Мүшәйрада  қазылық жасаған қазылар алқасының құрамында Қазақстан Жазушылар Одағы Түркістан облыстық филиалының директоры, ақын Әлібек Шегебай, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының әдіскері Садвахасова Гүлнар Алиқызы, аудандық «Өскен өңір» газеті редакциясы директорының орынбасары, ақын Лаханов Сәбит Қоспанұлы, ақын Бақытжан Алдияр, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының әдіскері Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы болып, байқауға қатысқан 15 ақынның өнерін сараптап, әділ бағасын берді.

Айта кетейік, ақынның аяулы жары Мархабат ханым мүшәйраның бас жүлдесін алған ақынға «Әмірхан Балқыбек атындағы сыйлықтың иегері» медалін тақты. Барлық қатысушыларға қаратып: «Әмірхан жастарды өте қатты жақсы көретін. Олармен етене араласты. Ылғи, «менің нояндарым, баһадүрлерім» деп айтып отыратын. Сондықтан  сендер Әмірханның ноянысыңдар, Баһадүрісіңдер...",-деп жастардың бойына жалынды сөзімен өшпейтін рух сыйлады. Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде Түркістан облысыннан Арқалық Әмәлиятұлы;

I - орын Шардара қаласынан Лесбек Ұлмекен;

II – орын: Оразғалиев Мейір;

Кәдірбай Ғылымнұр;

III – орын: Төлеутай Еламан;

Қайсар Бауыржан.

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту  басқармасының арнайы жүлдесін Шардара ауданынан Әліқұл Назерке;

Шардара ауданы әкімінің арнайы жүлдесін Бәйдібек ауданынан Жайлымысов Нұрислам Жалғасұлы;

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы жүлдесін Қазығұрт ауданы Жолдасбек Мұстафа;

Жәлел Кәттебеков атындағы жүлдесін Ордабасы ауданы Жүрсінбек Батырәлі;

Ниятолла Сейданов атындағы жүлдесін Төлеби ауданынан Исмайлова Жібек Мырзаханқызы;

Құдайберген Өтеш атындағы жүлдесін Сарыағаш ауданынан Абдуллаев Нұрдәулет Мамарахымұлы;

Оңалбай  Еспанов атындағы жүлдесін Арыс қаласынан Оңғар Айда Даниярқызы;

 Жиенбек Шырынбеков атындағы жүлдесін Жетісай қаласынан Исмайлов Рашит Қуанышбайұлы иеленді.


Дайындаған: Рысгүл Досжанова








Пікірлер(0)

Пікір қосу