Түркістан облысында күн электр стансасы салынады

20 Мамыр, 2019 459

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы сапар барысында:

Ақдала ауылдық округіндегі сүт өндірумен айналысатын «Қазына жер LTD» ЖШС-не аялдады;

Арыс қаласында орналасқан алкогольсіз сусындар шығаратын «Арыс минералды су» ЖШС-не барды;

«Ауылым - алтын бесігім» жобасы аясында атқарылатын жұмыс жоспарымен танысып, қала және елді мекендерде абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды;

Салынғалы жатқан оқушылар сарайы, жазғы сауықтыру лагері және спорт кешенінің жобасын көрді;

Байырқұм ауылдық округінде құрылып жатқан "International company of Cotton" компаниясының SPK-1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде болды.


Облыс басшысы «KazGreenTekSolar» ЖШС-не тиесілі күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін станса құрылысының жұмыстарымен танысты. Франциялық «УрбоСолар» компаниясымен бірлескен жобаға жеке және Еуропалық даму банкінен 7 млрд теңге қаралған. Стансаның жалпы аумағы 30 гектар жерді алып жатыр. Алдағы уақытта күн электр стансасы 14 мВт электр қуатын өндіретін болады. Жоба іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмысқа орналасады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу