Сеулде «ет жемейтін адамдардың» фестивалі өтті

20 Мамыр, 2019 294

 Сеулде алтыншы вегандар фестивалі өтті деп хабарлайды Turkistan.kz ақпараттық порталы Хабар 24-ке сілтемғе жасап.

 Бүгінде елде ет өнімдерінен бас тартқандар саны жылдан жылға өсіп барады. Жалпы етсіз өмір сүру бола ма? 

 Алтыншы веган фестивалінде сексеннен астам стендтер қойылды. Қатысушылар тек ет және сүтсіз тағамдарды ұсынды. Шарада Кореяда ежелден өсімдіктерден жасалатын  салаттар көп болған. Сонымен қатар дастархандар күріштен дайындаған тағамдарға толы болды. Өйткені ол кәрістердің наны болып саналады. Фестивальда тіпті соя бұршақтарынан жасалған сосискалар және балмұздақ сатылды.      

 Ли Сын Мин, фестивальға қатысушы: - Балмұздақты бадамнан жасаймыз. Екі сағат ұсақтап ингридиенттерді қосамыз. Оны жасауға әйеліме ой келді, ойткені ол осындай өнімді Кореяда таппады. Сүтсіз балмұздақ Англия, Америка және Австралияда баяғыдан танымал.   

Веганшылық Оңтүстік Кореяда жақында ғана тарай бастады. Екі мың бесте жануарлардан жасалған тамақтан бас тартқан адамдардың саны бес жүз мың болса, өткен жылы миллионға келді. Олардың бірі студент Ким Хян Ги. Оның киімінде де тек көкөністер бейнеленген. Хян Ги вегандарға арналған оңтүстіккореялық брендтің табынушысы. 

  Ким Хян Ги, веган: - Вегандарға Кореяда өмір сұру қиын, өйткені веганшылық туралы білетін адамдар аз. Бізге арналған мейрамханалар бар, бірақ сұраныс төмен болғасын бағалары жоғары. сондықтан мен сол мейрамханаларға бармаймын. Асты үйде пісіреміз. Достарымызбен жиналып азық-түлік сатып аламыз. 

 Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтар арасында вегандар жоқ. Бірақ олар осында келіп тамақтану рационын өзгеру мәжбүр. Өйткені жергілікті дүкендерде нанды табу қиын. Сиыр еті қымбат, жылқы еті сатылмайды. Ал ең арзан шошқа етпен тамақтану дінге қайшы.   



Пікірлер(0)

Пікір қосу