Нұр-Сұлтанда үздік педагогтарды таңдайды

21 Мамыр, 2019 149

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Бүгін республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының қалалық кезеңі басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Байқаудың ұйымдастырушылары педагогтардың 80-нен астам шығармашылық жұмыстарын қабылдады, нәтижесінде финалға 33 қатысушы өтті. 

Елорданың мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік педагог 20 мамырда сағат 15:00-де таңдалады. 

Сондай-ақ, 21 мамырда сағат 10:00-де жалпы орта білім беру саласындағы үздік педагог анықталады. 

22 мамырда сағат 10:00-де техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы үздік педагог, ал сағат 15:00-де қосымша білім беру саласындағы үздік педагогтың есімі белгілі болады. 

Байқаудың жалпы жүлде қоры 10 млн теңгені құрайды. 

Білім басқармасының баспасөз қызметінде атап өткендей, байқауды өткізудің мақсаты – шығармашылыққа бейім, интеллектуалдық даму деңгейі жоғары, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген талантты педагогтарды анықтау. 

Байқау Бауыржан Момышұлы, 5 мекенжайы бойынша Оқушылар сарайында өтеді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу