Студенттердің арманындағы "жатақхана"

23 Мамыр, 2019 391

Студенттік шақ - адам өміріндегі ең қызықты, естен кетпес кезеңдердің бірі. Студент атану - оқу, іздену деген сөз.

"Студент" дегенде ең алдымен қарны аш, қаражаты үнемі жетпей жүретін адам еске түсері сөзсіз. Себебі, студент алатын шәкіртақымен керемет пәтер жалдап немесе үнемі мейрамханалардан тамақтану мүмкін емес. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, Еуропада білім алсаңыз баға тіптен аспандай түсетіні анық. 

Барша студенттердің арманына айналған Копенгагендегі ерекше студенттер үйін білесіз бе?

Urban Riggers компаниясының дизайнерлері 2013 жылдың 21 қыркүйегінде транспорт контейнерлерін пайдалана отырып студенттер үшін жүзіп жүретін жатақхана салып берген.

Иә, кәдімгі істен шыққан ескі және лас контейнерлерді адам танымастай етіп өзгертіп, студенттер үйіне айналдырған.

Ғимарат Копенгагеннің орталығындағы Эресунн бұғазында орналасқан. Жатақхана 6 контейнерден құрастырылған, 12 бөлмелі. Бұл жерде студенттер үшін барлық жағдай жасалынған: таза жуыну бөлмесі, асхана, заманауи жиһаздармен жабдықталған бөлмелер. Тіпті, ғимарат ауласында саяхаттауға, шағын қайықтарда жүзуге де болады.

Ең бастысы, керемет көрініске куә бола отырып сабақ оқығанға не жетсін!

Осындай керемет жатақхана небәрі 600 доллор. Ал мұндай ақшаға тек шеткі аудандардан ғана пәтер жалдауға болады. 

Осындай өмір сүруге өте қолайлы студенттер үйі біздің елде де болса қалай қарайсыз?


                                                                                                        Turkistan.kz

Пікірлер(0)

Пікір қосу