Қазақстанда балаларға арналған тегін туристік пойыз іске қосылады

23 Мамыр, 2019 224

Қазақстанда 2020 жылдан бастап барлық өңірлерге тегін «Балалардың туристік пойызы» жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаны Үкіметке Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынып отыр.


«Балалар мен жасөспірімдер туризмінде ішкі көші-қон ағынының оң серпінін жасау үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда «1+2» схемасымен (бір ата-ана үшін екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда. Мұндай тәжірибе кең халықаралық тәжірибеге ие және әлемнің көптеген дамыған елдерде - Ұлыбританияда, Катарда, Тайитиде, Скандинавия елдерінде қолданылады», - дейді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін «Балалардың туристік пойызын» іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Басымдық әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға, білім байқауларының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға және басқаларға беріледі. Одан бөлек, елдегі балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуды бұдан әрі жандандыру үшін Үкімет жанындағы тиісті Үйлестіруші кеңесті құру қажет. Осы орайда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құруға көмек көрсету жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді Үкімет басшысына Арыстанбек Мұхамедиұлы.


24.kz

Пікірлер(0)

Пікір қосу