СҮЙІНШІ! "Голос дети" байқауы әділ шешім шығарды

25 Мамыр, 2019 441

Желіде "әділ өтпеді" деп өте қызу талқыға түскен бұл байқау қайта көпшіліктің талабымен қайта өтті. Және өз жеңімпазын тапты. Бұдан бұрын Ержан Максимнің суперфиналда өнер көрсетіп, екінші орын алғаны желі қолданушылары мен Ресей, Қазақстан әншілерінің қытығына тиіп, барлығы қарсылықтарын айтып, отандасымызға қолдау білдірген болатын. Осындай шудан кейін дауыс беру қорытындысына байланысты  Ресейдің Бірінші арнасы алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарған еді. Сөйтіп арнайы шығарылым көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Сонымен қатар Ресейдің Бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының арнайы шығарылымы тікелей эфирден көрсетілді.

Бұл жолы Микелла Абрамовадан басқа финалға жолдама алғандардың барлығы өнер көрсетті. Әуелі Пелагея, содан кейін Светлана Лободаның командасында болғандар сахнаға шықты. Ең соңынан Валерий Меладзенің шәкірттеріне кезек келді. Оралдық Ержан Максим «Адажио» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Шоуды қорытындылаған Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы ретінде бірінші болып Ержан Максимді атады. Сонымен қатар, "Голос дети байқауы әділ болған және бола да береді" деп жеңімпазды шын жүректен құттықтады. Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер  және арнайы шығарылымға қатыспаса да, Микелла Абрамова жеңімпаз болып танылды. Олардың бәріне демеуші тарапынан 1 млн рубльдің сертификаты табыс етілді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу