Жалақыдан бас тартқан президенттер

25 Мамыр, 2019 235

Президенттік қызметтері үшін жалақы төленетіні жалпақ жұртқа жаңалық емес. Ал, сол президенттік жалақыдан бас тартқан президент қылығы - баршаға жаңалық. Десе де мұндай президенттер аз емес екенін байқадық. Ендеше, назарларыңызға президенттік жалақыдан бас тартып, ел игілігі үшін жұмыс жасап карапайымдылықтарымен таң қалдырған президенттер туралы айтайық.

1. Грузия елінің Президенті Саломе Зурабишвили

«Грузин арманы» партиясының атынан президенттікке өз кандидатурасын ұсынған Саломе Зурабишвили сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жеткен болатын. Грузия Орталық Сайлау комиссиясының шығарған қорытындысы бойынша, 100 пайыздық көрсеткіштің 59,52 пайызына ие болған азаматша Грузияның алғашқы нәзік жанды басшысы атанды. Жанының нәзіктігін президент жалақыдан бас тартып байқатқандай жалақысының қайырымдылық мақсатында және инновацияны ынталандыру үшін арнайы ашылған қорға аударылатынын баса айтқан Зурабишвили: « Қайырымдылық пен инновацияны қаржыландыруға президент әркез септігін тигізуі тиіс. Дәл осы тұсты, жаңадан қор ашып өзімнің айлық жалақымды аударып отыратын боламын. Сонымен қатар, менің соңымнан жалғастыратындар да бар болатындығына сенімім мол»,- деп өз пікірін ашық жеткізген.

2. АҚШ президенті Дональд Трамп

«Президент қызметіне сайланған жағдайда бірінші әрекетім - жалақыдан бас тарту», - деп сайлауда мәлімдеген  Трамп шынымен де жалақыдан бас тартқан. Қазіргі таңда Америка тарихында жалақыдан бас тартқан үшінші президент есебінде тұр. Джон Кеннеди мен Герберт Гувер өз уақыттарында басшылыққа тиесілі қаржыны Қайырымдылыққа аударып отырған екен. Қазіргі таңда Дональд Трамп жылына 1$ доллар алады.

3. Иран президенті Махмуд Ахмединежад

Ол президент болған кезінде жұмысқа автобуспен барып келіп, ал  зайыбы медреседе тазалықшы болып істеген.

Ахмадинежад, алғаш рет президент кабинетіне кіргенде,  қымбат иран (парсы) кілемдерін Тегеран мешіттерінің біріне садақа етіп, оның орнына кәдімгі арзан кілемдерді төсеттірген.

Әкімшілік қызметкерлерін қайран қалдырған тағы бір жайт – президенттің күн сайын ұстап келетін, көтеріп қайтатын портфелі. Оның ішінде әйелі өз қолымен әзірлеген таңғы асы – бірнеше бутерброд немесе зәйтүн майы қосылған нан мен ірімшік болған екен.  Президенттік еңбекақы да алмай, мұнысын барлық байлық ұлтыма тиесілі, мен соның сақтаушысымын деп түсіндіреді. Америка президенті Трамп өз байлығына қанағат етсе, Иран президенті профессорлық-оқытушылық қызметтен түскен 250 доллар табысқа күнелткен.

4. Уругвай президенті Хосе Кордано

Әлемдегі ең кедей президент есебінде танымал. Жергілікті халық оны Эль Пепе деп атайды. Ол өзінің жалақысының барлығын кедей-кепшіктерге қайырымдылық ретінде ұсынады. Ол айына 263 000 песо жалақы алады. Ол тек өзіне 26 300 песо ғана қалдырып, қалғанын қайырымдылыққа таратады. Қарапайым ғана ауылда тұратын президент, үй шаруашылығына керек суды құдықтан өзі тасып алады. Ең ірі байлығы 1987 жылғы «Фольксваген Жук» көлігі. Оның банкте есепшоты және ешкімге қарызы да жоқ.

5. Парагвай президенті Орасио Картес

Парагвайдың ең бай бизнесмендерінің қатарындағы Орасио Картес 25 ірі компанияны басқарады. Компаниясының басым бөлігі темекі және сусын өндірумен айналысады. "Президенттік жалақым үйі жоқ адамдар мен айықпас дертке шалдыққан жандарға өз пайдасын тигізсе өзімді әлдеқайда бақытты сезінемін", - деген екен. 2008 жылдары басшылықта болған Фернандо Луго да президенттік жалақыдан бас тартқан болатын.

6. Словакия президенті Андрей Киска

Сайлауда қарсыласын 20% басымдықпен жеңген, саясаттың алаңына енді қадам басқан Андрей Киска да өз жалақысынан бас тартқан. Өз елінде "Мейірімді періште" атанған ол ел 5000 ға жуық баланың еміне көмектескен.

Сонымен қатар Египет басшысы Абдель Фаттах ас-Сиси өзінің жалақысының 50% азайтып, ел экономикасын жақсартуды өзінен бастаған. Жалақысының жартысын мемлекет пайдасына аударып отырған. Президенттің 35 кортеж машинасының санын 5 ке дейін қысқартқан. Ал, Мексика басшысы  Андрес Мануэль Лопес Обрадор ел ішіндегі жүзден астам саясаткердің өліміне қарамастан президент жанындағы күзеттен бас тартқан. "Әділдікті қолдайтын адамға ешқандай қауіп төнбейді", - дейді ол.

Дайындаған: Рысгүл ДОСЖАНОВА


Пікірлер(0)

Пікір қосу