Пайғамбарымыз (с.а.с) неге тоғыз жыл ораза тұтты?

27 Мамыр, 2019 344

Ораза тұту – ислам дінінде міндет етілген бес парыздың бірі. Осы орайда ислам дінін насихаттаушы «Мұстафа Мұхаммед (с.а.с) пайғамбар неше жыл ораза ұстады?» деген сұрақ туындауы заңдылық.

            Осы сауалға байланысты ҚМДБ-ның ресми сайтында тоғыз жыл ораза ұстады деген дерек келтірілген. Себебін мүфтият былай түсіндіреді:

Ардақты пайғамбарымыз (ﷺ) ғұмырында тоғыз Рамазан оразасын тұтқан. Имам ән-Науаи: «Алла елшісі (ﷺ) тоғыз жыл рамазан оразасын тұтқан. Себебі, ораза һижраның екінші жылы шағбан айында парыз болған еді. Ал, пайғамбарымыз (ﷺ) һижраның он бірінші жылы рабиул әууал айында дүние салды[1]», – деген дерек жазған.

Пікірлер(0)

Пікір қосу