Маңғыстау облысында 100 келіге тарта есірткі тәркіленді

28 Мамыр, 2019 220

Маңғыстау облысындағы көпқабатты үй пәтерлерінің бірінен 94 келіден асатын есірткі табылды.

Ақтаудағы үй пәтерлерінің бірінен салмағы 94 келіден асатын есірткі табылды. 339 целлофан орамаға бөлініп салынған марихуананы тәртіп сақшылары тәркілеп алды. Сондай-ақ үш адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Олар еліміздің оңтүстік өңірлерінен келетін есірткіні сатумен айналысқан. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұлтартпас дәйекпен қолға түскендердің уақытша ұстау абақтысына қамалғанын хабарлады. Күдіктілер сот үкімімен үштен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу