Аманкелді Таспиховтың штабы Түркістанда кездесу өткізді

28 Мамыр, 2019 130

ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың республикалық сайлауалды штабының тең-жетекшісі, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Даулеталин бастаған штаб делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді,  деп хабарлайды Turkistan.kz  ақпараттық порталы ҚазИнформ-ға сілтеме жасап.


Үгіт-насихат шаралары облыс орталығы Түркістан қаласынан басталды. Киелі шаһардағы жергілікті халықты тіршілік нәрімен қамтып отырған «Түркістан-су» мемлекеттік кәсіпорнында сайлауалды кездесу өткізді. Жиынға 85 адам қатысты. Басқосуды ашып сөз сөйлеген штаб басшысы Берік Бекжанов елімізде өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталды. Сайлау қарсаңында ұйымдастырылып отырған шарада «Түркістан-су» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері Сейілбек Дайрабай штаб мүшелеріне алғысын айтып, кәсіподақ туралы оң пікірлер жеткізді.

 Айта кетейік, ҚР Президентін сайлау 9 маусымда өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген. 


Пікірлер(0)

Пікір қосу