Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің?

28 Мамыр, 2019 298

Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып, бір бұлақтың басында тынығуды жөн көрді.

Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе, шақырыңдар, астан ауыз тисін», - деді. 

Нөкерлер үстіне ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып ертіп келді.

Хажжаж оған: «Кел, бірге тамақтанайық», - деді.
Ол «Жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда: «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр», - деп жауап берді.
- Ол қандай дастархан? – дегенде:
- Аллаһ тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, - деді.
Хажжаж: «Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің?», - деп таңырқағанда, ол:
- Ия, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстыққа шыдап ораза ұстап жүрмін, - деп жауап берді.

"Тағлым тамшылары" кітабынан

Пікірлер(0)

Пікір қосу