Қазақстанның бұрынғы бас ұстазы елден неге кетеді?

04 Наурыз, 2019 298

Елбасымыз 21 ақпанда ҚР-ның Үкіметін отставкаға жіберегеннен кейін ҚР-ның Білім және ғылым министрі қызметіне Күлаш Шамшадинова тағайындалған еді. Енді еліміздің бұрынғы Бас ұстазы Ерлан Сағадиев шетелге оқуға кетпек.

Нақтылай кетсек, Харвард университетінің бір жылдық Advanced Leadership Initiative лидерлік бағдарламасынан өтуге ниетті. Ол жерде әлеуметтік секторда маңызды мәселелерге қатысты шешім қабылдауға үйретеді екен.

Сағадиевтің білім саласына жасаған реформаларына байланысты БАҚ-мен қатар ӘЖ-лерде дүркін-дүркін дау көтерілген еді. Әсіресе "Сауат ашу" пәнінің енгізілуі, 12 жылыдық білім беру жүйесі және үш тілде оқыту көп талқыланды.

Пікірлер(0)

Пікір қосу